Жұмыс өнімділігін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керек? — Диетолог жауап берді

0
66

Диетолог Саманта Маклеод жұмыстағы өнімділікті арттыру үшін жемістер мен дәнді дақылдар жеуді ұсынды. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.

Маман күндізгі уақытта күш-қуаттың болмауы дұрыс тамақтанбаудан екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, тоқаш, торт немесе тәтті тағамдар бойыңыздағы күш-қуаттың жоғарылауын тездетеді. Бірақ көп ұзамай қандағы қант күрт төмендеп, қайта шаршау басталады. Ал күш-қуатты, жұмыстағы өнімділікті ұзағырақ сақтау үшін жеңіл тамақтанып, талшықпен біріктірілген дәнді жеуге кеңес берді.

«Көмірсулар – біздің ағзамыз үшін энергияның негізгі көзі. Талшыққа бай күрделі көмірсутекті тағамдар ұзақ уақыт ыдырайды және денені ұзақ уақыт энергиямен қамтамасыз етеді. Көкөніс қосылған дәнді крекер немесе сүзбе қосылған дәнді нан, жемістер денсаулыққа пайдалы тағамдар қатарында.

Жұмыс барысында түстен кейін кез келген адамда шаршаңқылық байқалады. Егер сол уақытта бойыңыздағы сергектікті сақтап қалғыңыз келсе қара шоколад, алма, жидектер немесе апельсин жеуді ұмытпаңыз! Себебі, мұндай тіскебасардың құрамында қант талшығының жоғары болуына байланысты ұзағырақ сіңеді», – деді Маклеод.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған