Суббота, 21 сентября

ИАССЫДАҒЫ ИГІ ІСТЕР – ІСКЕРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ

0
124

Түркістан облысы Сауран ауданының орталығынан он бес шақырымда орналасқан Иассы ауылдық округі киелі шаһардың облыс мәртебесін алғалы бері серпінді даму үстінде. Небәрі бес ақ шақырымда орналасқан Еңбекші дихан мен Шойтөбе тұрғындары өздерін облыс орталығының тұрғынындай сезінеді. Себебі, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің біраз қызметкерлері қаладан қатынап жұмыс істейді. Ауыл іші тап- таза. Мектеп, балабақшалардың айналасы гүлмен көмкерілген. Барлық жерде тап-тұйнақтай тазалық сезіледі. Бір шеті Оранғаймен, бір шеті Түркістанмен шектесіп жатыр.

Иассы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Акрам Рахымжанұлы Нышановтың баяндауынша, 2021 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық  дамуы жылдан жылға қалыпты түрде, серпінді көтеріліп келеді. Қазіргі таңда Еңбекші – Дихан және  Шойтөбе елді мекендерінде халық саны -3042 болса, оның ішінде: Еңбекші Диханда – 2677, Шойтөбеде – 365 адам тұрады. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың саны- 1949 адам.

Иассы ауылдық округіне қарасты  әлеуметтік қызмет нысандар көп емес. Бір жалпы орта мектеп, бір бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория,  екі бала бақша бар. Бәрінен бұрын мұнда  237 шаруа қожалықтары халыққа қызмет көрсетуде.

 

Мемлекет басқаруындағы ауыл  әкімшілігі  12,5 штатпен жасақталған, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкерлер  6,5 азаматтық және келісім шарт бойынша тартылатын қызметкерлер. Ағымдағы жылдың бюджеттік қаражаты 18. 639. 000 /мың/ теңге, төлемдер бойынша қаржы жоспары 14.456. 000 /мың/ теңге, 01.11.2021 жылға   бөлінген қаражат 100 %  игерілді. Жылдық қаражаттың 77% орындалды. Барлық қаржы кезеңімен толық игерілді.

Аппарат қызметін қамтамасыз ету шығындары 12,5 штат бірліктерін ұстау еңбек ақы қоры, өтемақы төлемдері, іс сапар шығындары, коммуналдық, байланыс, қызметтік автокөліктің жүруін қамтамасыз ету, аппарат қызметкерлерін қажетті кеңселік – шаруа заттарымен қамтамасыз ету, елді мекендердің тазалығы, санитария, көгалдандыру, жергілікті деңгейде мәдени – спорттық  іс шаралар өткізуге, автожол жөндеу бойынша шығындарына бағытталған.

САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖҰМСАЛУДА

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен ауыл әкімдеріне бірқатар қолайлы жағдайлар жасалған. Оның ішінде жергілікті Қоғамдастық мүшелері және ауылдағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілерімен ақылдаса келіп, салықтан түскен қаржыны қай мақсатқа жұмсау жайы шешіледі. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей әкімшіліктегі жас жігіттердің жігерлі іс әрекеті бұрын осы шаруашылықта басшылық қызмет атқарған ата-әжелерінің ақыл кеңесімен жұмыс жүйелі түрде атқарылып келеді.

Иассы ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 12 айында салық түрлері бойынша түсімдер 2615,0 мың теңге болса, орындалуы 2784,0 мың теңге нақты орындалғаны,106.4 пайызды құрады. Оның ішінде жер салығы 452 мың теңге болса, 460 мың теңгеге орындалып 102 пайызды құрады. Мүлік салығы 306 мың теңге, көлік салығы 1857 теңге құрады. Көлік салығы 108,4 пайызға орындалды.

Иассы ауылдық округі бойынша 2022 жылға салық түрлері бойынша түсімдер 4300,0 мың теңге, орындалуы 1541,0 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспардың 36% орындалды. Атап айтқанда, мүлік салығы жоспар 140,0 мың  теңге, нақты – 142,0 мың теңге 101% орындалды. Жер салығы жоспар 140,0 мың  теңге, нақты – 140,0 мың теңге 100 % орындалды. Көлік салығы жоспар 280,0 мың  теңге, нақты – 1372,9 мың теңге  490 % орындалды.

Иассы ауылдық округі бойынша 2021 жылға айыппұлдар  жоспарланбаған,  нақты  түсімдер – 875,1 мың теңгені құрап отыр. 2021 жылғы жағдай бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы жақсара түсті.

 

Басты бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  және екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп  ұйымдастру іс – шаралары бекітілді. Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» болып табылады. Осы есепті мерзімде жастар практикасы  бойынша нақты – 2 адам, қоғамдық жұмысқа нақты – 15 адам, тұрақты жұмыспен 68 адам қамтылды. Иассы  ауылында тіркелген мүгедек бала саны – 3, жалғызілікті бір қария бар. Үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша 1,0 штаттық бірлікте әлеуметтік қызметкер кестеге сәйкес 3 мүгедек балаға және жалғызбасты қартқа арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп, оңалту орталықтарымен байланыс жасап кеңестер беріп отырады. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша өткен жылы 106  отбасына 614 адамға 43 млн 138 мың 249 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  әлеуметтік  пакеттер  таратылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2022 жылдың  6 айында 56  отбасына 318 адамға 9 млн 744 мың 465 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  әлеуметтік  пакеттер  таратылды. Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім кешектер мен  азық – түлікпен 28 отбасына көмектер көрсетілді. Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер киім кешектер мен  азық – түлікпен 12 отбасына көмектер көрсетілді.

Тұрғындардың өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өткізіліп, өтініштердің орындалуы тұрақты бақылауға алынған. 10 айда жеке азаматтардан – 58 арыз-өтініштер келіп түсті. Оның 55 қанағаттандырылды. Үшеуінен бас тартылды.

 

Иассы ауылдық округі әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің» және «Нашақорлыққа» қарсы күрестің 2021 жылға арналған іс-шара жоспарлары бекітілген. Ауыл округіндегі мектепте жоғары сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылық неден шығады», «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу» тақырыптары бойынша сұхбаттар өткізілді.  Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс – жоспарына сәйкес, мамандар әкімшілік қызметкерлер арасында дөңгелек үстелдер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ІСТІҢ КӨЗІН ТАПҚАНДАР ІЛГЕРІЛЕЙ ТҮСУДЕ

Қазақстан аграрлы мемлекет болғандықтан Иассы ауылдық округіндегі тұрғындардың дені жер емген диқандар. «Әттең тонның келтесі ай» дегендей жер тар. Кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жерлерді қайтару қиындықпен жүзеге асуда. Жайылымдық жер күннен күнге тарылып барады. Иассы ауылдық округіндегі жалпы жер 65896 гектар. Оның 30373 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Арнаулы жер қоры 4257 гектар болса, елді мекен жері 2505 гектарды құрайды. Ерекше қорғалатын жерлер 24046 гектар, су қорының жері 62 гектар, орман қорының жері 378 гектар. Оның сыртында жарамсыз жерлер 14161 гектарға жетіп отыр. Негізінен жергілікті тұрғындар егіншілікпен және малды бордақылауымен айналысады. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына тартылған инвестициялардың нақты көлемі жылдан жылға өсе түсуде. Себебі Иассы ауылдық округі облыстық деңгейдегі жолдың бойына орналасқан. Кентау қаласы да Түркістан қаласы да жап-жақын. Олардың базарына жету көп қиындық әкелмейді.

 

Ауыл шаруашылығы жоспар бойынша 325 млн. теңге инвестиция тарту көзделсе, қазіргі таңда орындалғаны 328,2 млн. теңгеге жетіп, жоспарлы тапсырма 101% орындалды.

Атап айтқанда, Идирисов шаруа қожалығының төрағасы Хасан Идирисов 132 млн, теңгенің инвестициясын құйса, Тәжібай ата шаруа қожалығының төрағасы Бахрам Тәжібаев 196,288 мың теңгені  қарқынды баудың көшеттерін алуға, тамшылатып суарудың құрал жабдықтарына және бағаналардың құжаттарына жұмсады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі  жоспар бойынша 10 млн. теңге деп белгіленсе ол меже жүз пайызға орындалды. Оны орындаған  Көктонды ата ауыл шаруашылық өндірістік коперативінің төрағасы Әбсадық Мырзакаримов.

Ауыл шаруашылық саласында ауыл округі бойынша  егістік  жерді игеру жоспары 1120 гектар болса, орындалғаны – 1353 гектарды құрады. Қазіргі таңда 487 гектар жоңышқалық жайқалып тұр. Күзді және жаздық бидай алқабы 195 гектарды құрайды. Көкөніске 116,6 гектар, бау-бақшаға 117,6 гектар бөлінген. Сонымен бірге сүрлемдік жүгеріге 30,4 гектар, дәндік жүгеріге -96,8 гектар, мақтаға – 283,8 гектар, мақсарыға – 13,8 гектар, картопқа екі гектар жер қарастырылған. Диқандардың ала жаздайғы еңбектері есесімен қайтуда. Мұнда жалпы бидайдың өнімділігі әр гектардан 30 центенрден айналуда. Жоңышқаны үш мәрте орып алып жатқандар бар. Яңни, әр гектардан 68,4 центнерден айналуда. Сүрлемдік жүгерінің әр гектарынан 240 центнерден түсуде. Оның сыртында бау-бақша, жүзім, жеміс-жидек көздің жауын алады. Жерді ұқсата пайдаланып, өнімін қалдықсыз шығаратын диқандар байлыққа кенелуде.

 

АТА КӘСІППЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР АЛДА КЕЛЕДІ

Өткен жылға келетін болса, Иассы ауылдық округі бойынша дайындалған мал азығына келер болсақ,  жалпы жиналған мал азығы  – 25903 тоннаны құрады. Соның ішінде, жоңышқа -3403 тонна, сүрлемдік жүгері –729 тонна, сабан  – 195,1 тонна, табиғи шөп  11350 тонна, сырттан сатып алынғаны – 10150 тоннаны құрады. Қалаға жақын орналасқандықтан мұнда түйе өсіріп, қымыранды үзбей қалаға сатып отырғандар бар. Мәселен, «Тұмар шаруа қожалығы 22 бас түйе сатып алды.  Шаруа қожалығының иесі Бейбіт Өтепов дөңгелекті жүк артатын техника сатып алса, Халил Ысқақов шөп оратын «КПИ» техникасын сатып алды. Жайылымдық жердің тарлығына қарамастан, малды қорада бордақылап жатқандар қатары көбейіп келеді. Қазіргі таңда ірі қара малдың басы 5606 басқа жетті. Ұсақ малдың басы 49620 бас, жылқы саны 2594, түйе саны 684, құс 2645-ке жетті.  Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, ет «тірі салмақта» тонна жоспары 1775 орындалғаны 1725 бас 97%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру,сүт «тонна» жоспары 3625 бас орындалғаны 3585 бас 98%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, жұмыртқа «мың дана» жоспар 203 орындалғаны 204%.

Үй шаруашылығында өзінің қора жайында мал бордақылаушылар саны артып келеді. Мәселен, Камилжан Абдихаликов 8 бас ірі қара, Абдикарим Байжанов 5 бас ірі қара, Марғуба Халметова -20 жылқы бағып отыр. Музаффар Хамидов 30 бас жылқыны үй жағдайында бағып отыр. Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізген шаруалар  «Маруф» шаруа қожалығының иесі Маруф Азимов– 200 бас бұқашық,  «Нарбет» шаруа қожалығының иесі Нұржан Жүсіпбаев – 202 бас бұқашық өсіріп отыр. Ангус етті бағыттағы бұқашықтар тез семіретіндігімен мәлім. Тауарлы балық өсіруші Жансая Борисова  50 тонна балық өнімін өндірді.

Иассы ауылдық округі бойынша 4 жүйе құраушы кәсіпорындар «Түркістан» СПК, «Нұр-Сармат» ЖШС, «Алимхан-ата» шаруа қожалығы «Маруф» шаруа қожалығы жемісті жұмыс жасауда.

Құрама жем өндіру кәсіпорынының басшысы Сулейман ата шаруа қожалығының иесі Маматжан Азимовтың құрама жем шығаратын ғимаратының құрылысы бітіп, құрама жем шығаратын құрал жабдықтарын әкелу үшін Ресей федерациясымен келісім шартқа отырды.

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Жері шұрайлы, суы мол болса, диқан қауымының құдайының бергені. Алайда, соңғы жылдары ау райының күрт ысып кетуіне және су көздерінің азая түсуіне байланысты диқандар қауымы аздан да, көптен де үнемдеп, жаңа технологияға көше бастады. Шаруасын дөігелетіп әкеткендер жылына бірнеше қайтара өнім алып жатыр. Қазіргі таңда Иасы ауылдық округінде 20 гектар жылыжай бар. Оның ішінде сәйкестендірілген  жылыжай салғандар Маматжан  Зайниддинов– 0,04 гектарға, Бахадир Тажиметов Бахадир – 0,03 гектарға жылыжай салды. Тамшылатып суғару әдісін қолға алған шаруа қожалықтары  23 гектарды иемденіп отыр. «Тәжібай ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тәжібаев – 13гектар, «Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан  Идирисов – 10 гектарға тамшылатын суғару технологиясын пайдаланып отыр. Жылыжайға егілген дақылдардан бірінші айналымда 1гектардан 23 тонна  тәтті бұрыш,1гектардан 37 тонна  қияр алды.

Акрам Исмаилов  0,15 гектардан бес тонна қияр алса,  Бахадир Тажиметов 0,20 гектардан 6 тонна  қияр өндірді.  Қазіргі таңда 48 тонна  қияр  және 32 тонна тәтті бұрыш өнімдерін халыққа ұсынды. Мұнда Айгүл Қанжігіт екінші айналымда бір гектарға лимон ексе, екі гектарға қияр екті.

Ауылдық округте бір жерден 2-3 рет өнім алу бойынша 25  жоба іске асырылды. Қарқынды бау жеміс-жидек алқабы 23 гектарға жеткізілді. «Тәжібай-ата»  шаруа қожалығының иесі  Бахрам Тажибаев  13 гектар жерге қарқынды бау екті.

«Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов 10 гектарға қарқынды бау екті. Иассылық диқандар жылына екі үш рет өнім алудың хас шеберлеріне айналып келеді.

 

ӘР АПТА СЕНБІЛІКСІЗ ӨТКЕН ЕМЕС

Иассы ауылдық округінің аумағы неліктен тап-таза екен деп сүйсінгенімізді жасыра алмадық. Ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Акрам Нышановтан сұрап білгенімізде мұнда үлкен кіші демей, ауыл тұрғындарының бәрі әр апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығына ерінбей атсалысады екен. Биылдың өзінде бекітілген  іс шараға  сәйкес,  32 рет сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 19 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 100 дана көшет, Шобанақ көшесіне 300 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет, елді мекеннің орта көшелеріне жалпы 200 түп ағаш отырғызылған.  Мектеп аумақтарына 100 дана терек егіліп, Шойтөбе елді мекені, Астана көшесі бойына 100 түп көшет, жалпы -1100 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылып отыр. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша берілген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындап отыр.

Бекітілген  іс шараға  сәйкес, 2022 жылдың 6 айлығында  әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 8 тн күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 200 дана көшет, Шобанақ көшесіне 1200 түп, елді мекенге кіре беріске 300 түп көшет,  мектеп аумақтарына 200 дана терек егіліп, жалпы – 1900 түп көшет отырғызылып күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды.

Күні кеше ғана  «Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалық төрағаларымен бірлесе 2 техника, 78 тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекені ауыл сырты күл-қоқыстан тазартылды. Осы уақытқа дейін ауыл округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 19 тонна күл қоқыс шығарылды. Бұл шын мәнінде басқа ауылдарға үлгі болатындай шара екен.

 

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ – ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Иассы ауылдық округі бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша  2022 жылға  Сауран ауданына  бюджеттік өтінімге сала-сала бойынша бөлімдерге жолданды. Иассы ауылдық Еңбекші Дихан  елді мекендері бойынша 72 млн 650 мың теңгеге Түркістан Кентау трасса бойына 3 D қақпа 2,3 шақырым, рябица сетка 2,2 шақырым, көгалдандыру 1000 дана шие ағаштарын егу, баптау абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына локальдық смета жасалып, дайындалды.

Иассы ауылына қарасты елді мекен іші көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені «Тобағабылов» және «Аллаш ата», «Оспан ата» «Саркулов», «Исаков», «Абай» «Камалов» көшелерін және Шойтобе елді мекені «Астана», «Жастар» көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 196850,0 мың теңге локальдық смета жасалып, дайындалды, оның ішінде: жарықтандыру: Еңбекші Дихан елді мекені бойынша Тобағабылов, Аллаш ата, Оспан ата, Саркулов, Камалов, Исаков көшелерінің сметалық соммасы 128 бағана 5140 метр,  25 млн 199,0 мың теңге, Шойтөбе елді мекені бойынша «Астана», Жастар көшесі 70 бағана, 2800 метр сметалық сомасы 14854,0 мың теңгеге жасалып,  бөлінді. Аяқ жолды орташа жөндеуден өткізуге Шойтөбе елді мекені бойынша «Астана» «Жастар», көшесі 2800 метр,сметалық сомасы 35281,0 мың теңгеге келісілді. Автожолдарға асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу жұмыстары да жалғасын табуда. Еңбекші Дихан елді мекені бойынша «Тобағабылов» көшесі 2100 метрге, «Саркулов» көшесі 570 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу  сметалық сомасы 71 млн 946 мың теңге, «Аллаш ата» көшесі 320 метрге, «Оспан ата» көшесі 320 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу сметалық сомасы 10 млн 684 мың теңге жұмсалды. «М.Камалов» көшесі 1100 метрге, «А.Исаков» көшесі 1320 метрге асфальт төсеу орташа жөндеуден өткізу сметалық сомасы 75 млн 311 мың теңге,«Абай» көшесі  2500 метрге асфальт төсеу  сметалық сомасы 54 млн 826 мың теңгеге локальдық смета жасалып, Сауран ауданындағы сала сала бойынша бөлімдерге өткізілді.

Иассы ауылдық округі  Еңбекші Дихан елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында бүгінгі таңға Сауран ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі тарапынан сметалық құжаттары әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылды. Алдағы уақытта бюджеттік комиссияның оң шешімін алып, қаржы қаралған соң құрылыс жұмыстары басталмақ.  Ауыл тұрғындары тарапынан берілген ұсыныстар кезең –  кезеңмен орындалып келеді. Оның ішінде ауыз су, жарықтандыру және интернет байланыс-тарын шешу жолдары ұйымдастырылуда.

 

КЕЗЕГІН КҮТКЕН ЖАЙЛАР КӨП

Басқа өңірлердегі секілді Иассы ауылдық округі бойынша да кезегін күтіп тұрған  өзекті мәселелер баршылық. Мәселен, халық санының көбеюіне байланысты, Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекеніндегі электр көзі жетіспейтін көшелерге қосымша трансформаторлар орнатып, ескі электр бағаналарын алмастыру қажет. Еңбекші Диқан елді мекенінің «Жастар» учаскесіндегі 198 тұрғын үйлерді ауыз су жүйесіне қосу керек. Еңбекші Дихан елді мекенінің  бірнеше көшелеріне ауыз су жүйелерінен су толық жетпеуіне байланысты, қосымша күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Шойтөбе, Еңбекші Дихан елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жол салу, тротуар салу және жарықтандыру жұмыстарын, көгалдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажеттігі байқалып отыр. Шойтөбе елді мекеніндегі оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу де кезек күттірмейді. Шойтөбе, Еңбекші Дихан елді мекенінің орталық көшесі бойынан балалар ойнайтын алаңшаларын, воркауттар салу керек.  Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан елді мекені Шобанақ жалпы орта мектебі 300 орындық бола тұрса да,   қазіргі таңда 738 оқушы  білім алуда.

Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 2 мектеп жұмыс істейді, 300 орындық «Шобанақ» жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны – 91, кіші қызметкерлер саны – 25, оқушылар саны 738 оқушы, соның ішінде мектепке даярлық тобында 54 бала, «Шойтөбе» шағын жинақталған бастауыш  мектебінде 7 адам  жұмыс істейді, 11 оқушы оқиды.

Ауылда «Жауқазын» бөбекжай бала бақшасында 37 қызметкер жұмыс істейді. Онда 6 топта 150 бала тәрбиеленуде.

ЕҢБЕКШІ ДИХАННЫҢ ҚҰТТЫ ҚОНАҒЫ

Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков Иассы ауылдық округі тұрғындарымен ашық форматтағы кездесуді сан мәрте өткізіп келеді. Асып кеткенде алдағы бес-он жылда қалаға қосылып кеткелі тұрған Иассы ауылдық округінің тұрғындары елді мекен қала іргесінде орналасқандықтан барынша жаңа технологияға негізделген шағын және орта бизнеске бет бұра бастаған. Облыс мәртебесін алған Түркістандағы барлық жаңалықтар мен өзгерістер осында да көрініс тапқан. Алайда, ел ішінде түсіндіру жұмыстары кешенді жүргізілмегендіктен Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков өңірдегі бизнесті қолдау мақсатындағы атқарылып жатқан жайларға ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауындағы басты мақсаты – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны  кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% жеткізу. Оны орындау үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру- Қазақстанның азаматтары қалада да, ауылда да   16 миллион теңгеге дейін шағын несие беру, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану және қаржылық сауаттылыққа үйрету жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар көңіл толарлықтай.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 2073 субъекті тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 2029 немесе 97,8 пайызды құрады.

Ауданда кәсіпкер болуға ниетті немесе кәсіпкерлерге, бастапқыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 100, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қатысу және одан әрі қарай бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген 6 пайызбен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдендіру, субсидиялау құралдарын пайдалану арқылы несиелендіру ұсынылады.

Ал, бизнесіңіз қызмет көрсету не болмаса сауда саласына жататын болса кепілсіз 6% -бен 5 миллион теңгеге дейін қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндіктер ұсынылады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осал топтағы немесе көп балалы азаматтарға және 29 жасқа дейінгі жастарға грант беріліп келеді. Ол үшін «Бизнес бастау» сертификаты және бизнес-идеясы болу керек. Мәселен, 2021 жылы осы бағдарлама арқылы 200 АЕК көлемінде 585 мың теңгені – 35 азамат алған.

БАҒБАНДАРҒА БАРЫНША ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ

Аудан әкімі Ғани Рысбеков Иассы ауылдық округінде бау-бақша өсіру бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Ауданда қарқынды бау шаруашылығын дамыту 350 га тапсырма берілсе, орындалғаны 513 га, 146,6 % құрады. Иассы ауылдық округінің жері шұрайлы, Түркістан да, Кентау қаласы  да өте жақын орналасқандықтан қарқынды бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы мекен.

Алайда, дихандар соңғы жылдары су тапшылығының орын алуы бау өсіруге кедергі келтіріп отырғандығын алға тартты. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекемелер мен қиыршық тас өндіретін кәсіпорындар жайылым мен суармалы жерлерді тарылтып барады. Бұған байланысты аудан әкімі малды Қарабұлақ ауылындағы малшылар секілді қорада ұстауға кеңес берді. Егер де мал азығынан тапшылық көрсе, жақында Шорнақта бір гектар жер бөлінген комбикорм –құнарлы мал азығын өндіретін кәсіпорын ашылатындығын айтып, одан жергілікті кәсіпкерлер арзандатылған өнім алуға болатындығын жеткізіп, кәсіпкерлерді қуантып қойды.

Кәсіпкерлердің су тапшылығына қатысты сұрақтарына жауап берген аудан әкімі, суға қатысты шаралар кешенді түрде атқарылып жатқандығын жеткізді. Бүгінгі таңға, Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округте 35 елді мекен бар. Оның ішінде 2009-2019 жылдары 31 елді мекенге Түркістан қаласының және Кентау қаласының тарапынан ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,6%-ды құрап отыр.

Мәселен, Түркістан магистралды каналының Қарашық учаскесіндегі гидротехникалық құрылыстарына (Дюкер арығы. Яғни,каналдың астынан өтетін арық) ағымдағы жөндеу, механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы Иассы ауылдық округіндегі  Ескі Шобанақ  каналын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірленеді. Оранғай ауылдық округіне қарасты Қосқорған су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттама  әзірленеді. Мұның барлығы таяу арада шешімін табады.

Сауран ауданы бойынша елді мекендердегі 2011-2018 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілу барысында жобаға енбей қалған және жаңадан қоныстанған аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 8 нысан бойынша аудан әкімінің қаулысы шығарылып, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Жобалау-ізденіс жұмыстарының сметасы әзірленіп, қаржы бөлдіруге «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» тапсырылды. 8 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге жалпы – 108,013 млн.теңге қаржы  бөлдіру қажет.

Соның ішінде, «Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді  мекенінің  ауыз сумен қамтылмай қалған аумағына ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын  және жобалау  жұмыстарын жүргізуге» – 3833,37 мың теңге қарастырылып отыр.

Иассылықтардың көгілдір отынмен қамтылуы жайы да таяу арада шешілмек. Аудан әкімінің айтуынша,табиғи газбен қамту мақсатында Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекендерін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысына – 43122,23 мың теңге жұмсау көзделіп отыр.

Иассылық дихандармен емен-жарқын әңгімелескен аудан әкімі Ғани Рысбеков алдағы уақытта осы айтылған жобаларды жүзеге асыру барысында жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілетіндігін, Президент Жарлығына сәйкес, өзі мен бөлім басшылары ауылға жиі ат басын бұратындығын айтты. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген міне осы.

Ескендір ЕРТАЙ.

Leave a reply