КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАДЫ

0
57
Келес ауданының тұрғыны Нұржамал Асқарқызы сүйікті ісін кәсіпке айналдырғанына бір ай болды. Аз уақытта оның тағамдарына сұраныс қалыптасты.
Ол жастайынан түрлі тәттілер пісіруге әуес болған. Келін болып түскеніне 6 жыл толған жеке кәсіпкер маусым айында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алған. Алған қаржысына кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған қажетті саймандарын сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
– Бұл бастамам өміріме үлкен өзгеріс алып келді. Өзім қызығатын хоббиымды дамытып, өркендетіп жатырмын. Пісірген өнімдерімді ауылдағы дүкендерге сатамын. Одан бөлек тапсырыс бойынша да тұрғындарға қызмет көрсетемін. Бір күнде орташа 4-5 торт жасап, самса, пирогтар пісіремін, — дейді жеке кәсіпкер.
Бүгінде Келес өңірінде кәсіппен айналысып, оны отбасылық бизнеске айналдырғандар саны жыл сайын артып келеді. Нұржамал Асқарқызы да мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, табысын еселеп отыр. Кәсіпке бейімделу – бүгінгі заман талабы. Ауыл тұрғындарының бұл бағыттағы қозғалысы көз қуантады.

Leave a reply