Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?

0
77

Күз мезгілі келген соң, адамдардың жаңа нәрселерді байқап көруге құштарлығы оянып, әдемі маусымның әрбір сәтін ұстап қалуға тырысатыны сөзсіз. Кейбіреулер осы уақытта саябақта көбірек романтикалық серуендер өткізуге тырысса, енді басқалары табыстарын еселендіруден үмітті. Бұл күзде кімнің көбірек жолы болады? Ал кімдер қаржылай тәуелсіз бола алады? Bugin.kz тілшісі бұл сұрақтарға астрологтардан жауап іздеп көрді.

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір) 

Бұл кезең тоқтыларға жаңа мәдениеттер мен тілдерді үйрену үшін қолайлы болмақ. Ал махаббатқа келсек, күзде ізденіс үстінде жүрген тоқтылардың өз адамын табуында немесе жұбымен қарым-қатынасын жақсартуда жолы болатыны сөзсіз.

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр) 

Торпақтарға осы күзде денсаулығын күтуге кеңес беріледі. Бірінші айда ауырғаныңызды күтпей, дәрігерге қаралған жөн. Сонымен қатар психикалық жай-күйіңізге де көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Осы мезгілде ғашықтар арасында кішігірім жанжалдар мен түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Сондай-ақ қаржы жағын дамытуға басым мән беріңіз. Ақшадан қысылмай, еркін жүру үшін барыңызды салыңыз.

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым) 

Күзде егіздердің жақындарымен қарым-қатынасы жақсара түспек. Сол себепті отбасыңызбен және достарыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз. Демалуға әрі денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Күзде шаяндар қызметіне ерекше көңіл бөлгені жөн. Себебі мансабында өсуге көп мүмкіндік берілмек. Кәсіби мақсаттарыңыз бен мүмкіндіктеріңізге назар аударыңыз. Еңбекқор және табанды болсаңыз, ойламаған жетістіктерге қол жеткізесіз.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Бұл мезгілде арыстандар жақсы табыс табудың нұсқаларын іздеумен айналысады. Сондықтан тәжірибе жинақтамай, керісінше тезірек әрекетке көшуге кеңес беріледі. Қарым-қатынасқа әлі кіріспегендер үшін қазан айының басында өте романтикалық кезең күтіп тұр.

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек) 

Күзде ақшаға байланысты маңызды шешім қабылдауыңыз мүмкін. Сонымен қатар өзіңізді бірінші орынға қою керек екенін түсіндіретін жағдаяттар болмақ. Осылайша, биылғы күзде өзіңізді бағалаудың жаңа кезеңіне қадам басасыз.

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Бұл мезгілде жаңа адамдармен танысудан қашпаңыз. Ал бұрыннан бар байланыстарды нығайтыңыз. Сондай-ақ күзде отбасылық өмірде маңызды шешімдер жасауыңыз мүмкін.

Сарышаян (24 қазан – 22 қараша) 

Бұл күз қаржылық өзгерістер мен инвестициялық мүмкіндіктер уақыты болуы мүмкін. Қаржыға мұқият болыңыз және қолдағы бар қаражатыңызды арттырудың жолдарын іздеңіз.

Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан)

Күз мезгілінде біліміңізді арттырып, дұрыс дағдыларыңызды жақсартуға көбірек көңіл бөліңіз. Бұл әрекеттер сіздің мансап жолында өсуіңізге көмектеседі.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Күз жақын адамдармен қарым-қатынасты дамытатын және нығайтатын уақыт болады. Отбасыңыз бен достарыңыздан жиі қолдау көресіз. Жеке мақсатыңыз бен амбицияңызға да назар аударуға тырысыңыз.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан) 

Бұл уақытта ауа элементінің барлық өкілдері секілді суқұйғышта да қиын күндер болуы мүмкін. Алайда жақсы жаңалықтар да бар. Өздеріңіз білетіндей, қиын кезеңдер адамдарды мықты етеді. Мұндай уақытта олар ұтымды шешімдер қабылдап, шығармашылық серпіліс жасайды. Дегенмен күзде суқұйғыштардың сүйіктілерімен қарым-қатынасы жақсара түспек.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз) 

Балықтар үшін күз рухани өсу және өзін-өзі тану уақыты болады. Медитацияға, рефлексияға және рухани тәжірибеге уақыт бөліңіз. Бұл өзіңізді танып қана қоймай, өмірдегі жолыңызды жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған