КӨП БАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ӨЗ ЖЕКЕ КӘСІБІН ӨРЛЕТІП ОТЫР

0
62
Халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 66 азамат қайтарымзыз грантқа қол жеткізіп отыр. Оның 29 жастар болса, 37 осал топтағы азаматтар. Жалпы аталған қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген азаматтар, мал шаруашылығы, қызмет көрсету түрлері және т.б. кәсіп түрлерін өрлетуге мүмкіндік алып отыр.
Солардың қатарында бес баланың анасы Қарашаева Камилада бар. Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан Камила қол жеткізген қаржысына көптен бері армандап келген шағын медициналық қызмет көрсету орталығын ашып отыр. Логопед-Дефектолог мамандығының иегері аудан орталығынан ынғайлы ғимаратты жалға алып, балаларға Логопед, Дефектолог, Легомассаж, Иппотерапия, Невропатолог медициналық қызметтерін көрсетуді бастап кетті. Және де көп балалы ана өзімен қоса төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аталған орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен округ әкімі Қ.Ахметов арнайы қатысып, көпбалалы отбасыны жаңа ғимараттарымен құттықтап, аудан тұрғындары үшін маңызды кәсіптерінің өрлеуін тіледі.

Leave a reply