Мақсарының түсімділігі жоғары

0
147

Төлеби ауданында бүгінгі таңда астық жинау науқаны аяқталып келеді. Таяуда майлы дақылдарды жинау жұмыстары басталды. Төлебилік диқандар бірнеше жылдан бері мақсары жинаудан облыс бойынша алдыңғы қатардан көрініп жүр. Биылғы жыл да шаруалар үшін құдақаласа, берекелі болғалы тұр. Диқандар ауа райының қолайлы болуына байланысты 10 мың тоннадан астам өнім жиналады деп отыр. Жалпы, аудан аумағында 10 731,5 гектар мақсары егілген.

Диқандар мақсарының әр гектарынан орта есеппен 9-9,5 центнерден дән бастыруда. Мақсары дәні барлық кезде үлкен сұранысқа ие. Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37%, ал, ядросында 50-56% дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, ал, ядросынан сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді.

Халықтық медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әртүрлі дәрі-дәрмектер жасалады. Сонымен қатар, өсімдік майын сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде, т.б. техникалық мақсаттарда жиі пайдаланады.

Leave a reply