
Қор демеушілігімен үш жылда QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту, сирек (орфандық) кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарға қымбат бағалы дәрі-дәрмек, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын офтальмологиялық скринингке және емдеуге арналған жабдықтар, көз трансплантациясын қажет ететін науқастарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық қоры арқылы шала туған нәрестелерге арналған «Ерте араласау» орталықтары жабдықталып, медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары шетелде біліктілігін арттырды. Онкологиялық аурулары бар науқастар қымбат бағалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Түркістан облысының 20 тұрғынына соңғы нұсқадағы протездер сатып алынды.