Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен кездесті

0
45

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, орынбасарлары мен бөлім басшылары өзекті мәселелерді зерделеп, шешілуін жоспарлау мақсатында қала тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда.

Түркістан қаласының тұрғыны Таир Юлдашев қала әкімімен кездесу кезінде Ж.Қыдыр және Ибрахим ата көшелерінің жағдайын айтып, мәселені назарға алуды сұранған болатын. Ал, Хакимов Сайткарим қария Малдыбеков көшесіне ауыз су құбырын жүргізуге ықпал етуін өтінген.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары Тасов Жандос пен Ерлан Кузембаев аталған мәселелер бойынша тұрғындармен кездесті. Көше бойынша, биыл жол негіздері қайта әзірленіп, тас төселетіні, жауын-шашын суы үшін арнайы қашыртқы қарастырылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, Малдыбеков көшесінде таза ауыз су жүйесінің құрылысы шілде айының ішінде басталатыны жөнінде мәлімет ұсынылды.

 

Leave a reply