Н.ТҰРАШБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
63

Түркістан қаласындағы Түркістан жоғары медицина колледжінде Түркістан қаласының әкімі Нұрлан Әбдісаттарұлының “Яссы” алқабының тұрғындарымен кездесуі өтті. Атаулы іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес өткізілді.

Кездесуге Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Таңғатаров, қалалық мәслихат депутаты Айгүл Тілепова қатысты. Сонымен қатар, қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, сектор тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде қоғамдық көліктің жетіспеушілігі, газ және ауыз су мәселелері қаралды.

Шара барысында қала әкімі Н.Тұрашбеков «Яссы» секторының тұрғындарының жан-айқайына құлақ түріп, азаматтарды жеке мәселелерімен де қабылдады. Қабылдауға жазылған 5 азаматтың екеуі жұмысқа тұру туралы сауал қойса, 2 азамат жер мәселесін шешу жөнінде, ал тағы бірі табиғи газға қосылу жөніндегі мәселелерді көтерді.

Қала әкімі тұрғындардың мәселелерінің  түп-төркінін барлап, аталмыш ұсыныстар бойынша тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Кездесу соңында ақсақалдар ақ баталарын беріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған