Түркістанда абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда

0
40

Түркістанда абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Осылай деген билік басындағылар жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін жеткізд. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеді.
Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескертті. Мердігерлердің тұрғындар пікіріне құлақ асып, ескертулерін қаперге алуын міндеттеді.
Жұмыстың қарқынын күшейту үшін қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.
Билік басындағылар Түркістанда бой көтерген жаңа нысандардың бірқатарын аралап, құрылыс барысымен танысты.
Жауапты басшылар мердігерлермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Тапсырмалар берді. Құрылыс барысын көріп, өзінің бірқатар талаптарын қойды. Мемелеттік нысандардың барлық талаптарға сай салынуын қадағалауды жүктеді.
— Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл — мемлекеттің үлкен қолдауы. Құрылыс саласына тартылған инвестиция да елге қызмет етуі тиіс. Әрбір нысан елге арналғандықтан үлкен жауапкершілікпен қарап, жұмысты адал істеу керек, — деді биліктегі басышлар.
Түркістан қаласында облыстың күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жаңа ғимараттары салынып жатыр. Әкімге әкімшілік-іскерлік аумағында орналасқан Түркістан облыстық полиция департаментінің құрылысын бойынша баяндалды. 470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының жалпы ауданы — 4 мың м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістанда 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы заманауи техникамен жабдықталады. Инвестициялық жобамен салынған медициналық орталық 4 санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртулар бойынша қызмет атқарады.
Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. 200 бөлмелі бес қабатты ғимаратта спортшылар мен жаттықтырушылар орналасады. Облыс әкімі нысан сапасына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған сенбілікке оның орынбасарлары, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев қатысып, түркістандықтармен бірге «Жібек жолы» саябағында ағаш екті. Тазалық шарасына 1 мыңға жуық түркістандық белсене атсалысты.
Табиғат жанашырларына алғысын айқан басшылық құрам барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Тек қана сенбілік есебінде аталып өтпей, жүйелі түрде жасалатын іс болуы керек екенін айтты.
Түркістан аумағында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілер белсенділік танытып, жалпы 30 мыңға жуық адам қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосуда. Сенбілікте саябақтар мен гүлзарларға екі жүзге жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Оларды болашақта бағып-күтуге арнайы мекеме бекітілді. Көгалдандыру жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.
«Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелер қоқыстардан тазаланады. Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу.

Leave a reply