Орманды мекен еткен «қар әйелі» Зана туралы естуіңіз бар ма? (фотодерек)
Сарапшылардың пікірінше, «йети» немесе «қар адамдары» бүгінгі күнге дейін сақталған неандертальдықтар. Осы үлгілердің бірі революцияға дейін Абхазия ормандарында өмір сүрген әйел болып саналады. Оның есімі Зана. Зана мен оның отбасының «өмірбаянын» зерттеумен 1960 жылдардың басында кеңес ғалымдары айналысқан еді. Infonews.kz сайты қар адамдарының өмірдерегін назарларыңызға ұсынады.
Тхина ауылы туралы аңыздар
Митрополиттік профессор Александр Машковцев 1962 жылы Абхазияның Тхина ауылына келеді. Ол ауылға келген соң Зана туралы аңыздарды жергілікті тұрғындардан естиді. Машковцев пен оның әріптесі, криптозоолог Борис Поршневтің барлық зерттеулері жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне негізделіп жасалады.
Орыс энтомологы Виталий Танасийчук өзінің «Таңғажайып зоология» кітабында Зананы қара немесе қою сұр терісі, денесінде қара-қызыл түктері бар тіршілік иесі деп сипаттаған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Зананың дене бітімі мықты әрі күші көп болған.
Зананың ұрпақтары
Борис Поршнев есімді ғалым негроидтық және бұйра шаштарымен ерекшеленетін Зананың немерелерімен танысуға мүмкіндік алды. Олар өмірінің соңына дейін туған ауылы Тхинада тұрған. Осы ауылға тұрақтағандар Зананың кенже ұлы Хвиттің балалары болып шықты.
Поршневтің айтуынша, жабайы әйелдің ұрпақтары өзі сияқты таңғажайып физикалық күшке ие болған. Хвиттің үлкен ұлы Шаликула адам отырған орындықты көтере алатын болған. Бұл отбасы неандерталь емес деген нұсқаны алғашқылардың бірі болып ұсынған Поршнев болды.
Жетпісінші жылдары Поршневтің пікірін тарихшы Игорь Бурцев қолдады. Бурцев сонымен қатар Зананың немерелерімен, атап айтқанда, Хвиттің қызы Раисамен сөйлесті.
Тарихшы Поршнев «қар әйелі» ұрпақтарының пайда болуына қатысты сөзін растады. Оның үстіне, Игорь Бурцев Зана мен Хвиттің қабірлерін тапқан еді. Ғалымдар жер астынан олардың бас сүйектерін шығарып, зерттеу жүргізді.
Йети емес, африкалық
Бас сүйектерін зерттеген Антрополог Станислав Дробышевский олардың неандертальдықтар емес, homo sapiens тұқымының өкілдеріне жататынын мәлімдеді. Игорь Бурцев зерттеу нәтижесі бойынша, Ұлы Петрдің кезінде «араптардың» шынымен де Абхазияға келіп, сонда қалып қойғанын анықтады.
Зана мен оның ұрпақтарына ДНҚ зерттеулерін жүргізген Оксфордтық генетик Брайан Сайкс олардың барлығы «ақылды адамға» жататынын, сонымен қатар Батыс Африкадан шыққанын айтты. Сайкстың айтуынша, Зана Абхазияға түріктер әкелген құлдардың бірі болған.