Шетел асып кеткен 300 млн доллардан астам қаржы бюджетке қайтарылады

0
49

Шетел асып кеткен 300 млн доллардан астам қаржы қайтарылады. Бұл туралы Infonews.kz сайты  24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

фото: matritca.kz

Бұл туралы «Сұхбат» бағдарламасына қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлімдеді.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, бұл – 1 қылмыстық іс бойынша мемлекет қазынасына құйылатын қаражат.

Ал бұған дейін мемлекеттік органдар бірлесе отырып, 850 млрд теңгені бюджетке қайтарды. Аталған ақша мектеп пен аурухана құрылысына жұмсалады.

“Маусым айында активтерді қайтару туралы заң күшіне енді. Енді бұл бағыттағы іс-әрекет жандана түспек. Активтердің шығу тегі күмән тудырса, оны мемлекет кірісіне кіргізу туралы іс-шаралар қолға алынады. Ол жерде нақты процедурасы көрсетілген. Бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланды. Қазір біз белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз және бастаған істі тоқтатпаймыз”,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Leave a reply