6 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0
55

Түркістан облысының Түлкібас ауданында алты мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бала санының көбеюіне байланысты ата-аналар қосымша ғимарат салуды өтінген болатын. Олардың үшеуі биыл жыл соғына дейін пайдалануға берілсе, қалғаны келесі жылға өтпелі. Таусағыз ауылындағы 120 орындық мектептің жанынан қосымша ғимараттың құрылысы басталды.

«Қазір 150 орындық қосымша ғимарат соғылып жатыр. Құырысы басталды. Үш қабатты. Сонда біз бір ауысымда оқитын боламыз. Кабинеттердің барлығы жабдықталады. Интерактивті тақталар болады ішінде. Спорт зал және қосымша шеберхана соғылып жатыр. Ол көтеріліп қойды. Тек қана шатырын жабады. Ол дайын»,-  дейді мектеп директоры Нұрлыбек Қаратаев.

Сондай-ақ халықтың сұранысы бойынша Абайыл ауылындағы 100 орындық мектеп пен Аманкелді ауылындағы мектептің қосымша ғимараты мен спорт және мәжіліс залы жаңа оқу жылы пайдалануға берілді. Ал Еңбекші ауылындағы 150 орындық білім ұясы мен аудан ортылығындағы 300 орындық мектеп биыл жыл соңында тапсырылады. Қалғаны келесі жылға өтпелі. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары аудандағы мектептердің 90 пайызы типтік мектеп екенін айтады. «Енді соны 93-94 пайызға жетсек, балаларымыздың жақсы тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалады деп ойлаймыз»,-дейді.

Түлкібас ауданында 115 мың халық тұрады. Оның 23 мыңнан астамы мектеп оқушысы. 60 мектеп бар. Білім бөлімі мамандарының айтуынша ауданда апаты, үшауысымды мектеп жоқ. Бірақ бастауыш бір мектеп білім беру талаптарына сай келмейтін ғимаратта орналасқан. Ал «Жайлы мектеп» жобасына ауданнан үш мектеп еніп отыр. Мамандар келесі жылы тағы үш мектептің құрылысы басталатынын айтады.

Leave a reply