ОТЫРАРЛЫҚТАР АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫН ТАЗАРТТЫ
«Киелі мекен» апталығы аясында Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесінің аумағы қоқыстан тазартылды. Атқарылған шараға «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ауыл тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Жұмыстар барысында кесененің айналасындағы қоршаулар сырланып, ағаш түптері әктелді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы бойындағы қоқыс қалдықтары да жинақталды.
Айта кетсек, Арыстанбаб – X-XI ғасырларда өмір сүрген, ислам ғүламаларының бірі және Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы. Кесенеде Қарға баба, Лашын баба және Шерімбет әздер жерленген. Құрылыстың бастапқы мазары XIІ ғасырда басталып, кесенені XІV ғасырда Әмір Темір тұрғызған. Кесенеге соңғы жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілген.