САЙРАМДЫҚ ШАРУАЛАР ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ӘДІСІМЕН 700 ГЕКТАР ЖЕРДІ ИГЕРДІ

0
49

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының егін шаруашылығы картоп, қызанақ, қияр сынды көкөніске басымдық беретін. Соңғы екі жылда қауын-қарбыз егу ісін қолға ала бастады. Шағын жерден көп өнім алуға тамшылатып суғару технологиясы себеп болған.

Қазіргі таңда «Ибадулла» шаруа қожалығы 2 гектар жерде жоңышқа мен қарбыз егіп, өз ісін дөңгелетіп отыр. 1 гектар жоңышқасы малға азық, тағы 1 гектар жерден жылына 40 тоннадан 55 тоннаға дейін қарбыз алады.

Бұған дейін 583 мың теңгеден грант алған отбасылар соңғы 2-3 жылда тамшылатып суғару әдісіне үйреніп алды.

– Аудан бойынша жеке үйлерде 45 адам грант алды. Биыл грантқа бөлінетін қаражат көлемі – 1 миллион 255 мың теңге болып белгіленді. Бұл жағдайы төмен отбасыларына беріледі, — деді Сайрам Ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаев.

Өткен жылы Сайрам ауданында тамшылатып суғару әдісімен 600 гектар жер игерілсе, биылғы мақсат бұл межені 700 гектарға жеткізу болды. Урганикалық табиғи дәрілеу әдісін осы тамшылатып суғару барысында пайдаланатын шаруалар қазір ағын суды ғана емес, дәрілеуге жұмсалатын өз шығындарын да үнемдеп отыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған