Отырар секторында оңды істер көп
«Отырар» секторындағы тұрғындармен кезекті кездесуін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осылай бастап, мүмкіндігінше азаматтарды тыңдауға ден қойды.
Кездесуде тұрғындар:
– 8 баланың анасы әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтып көмек сұрады.
– Жк «Арман» тұрғыны ауланы абаттандыру, инфражүйелердің іске қосылуы, КСК мәселесін көтерді. Нұрбол Әбдісаттарұлы жағдайды барып сол жерде зерделейтінін жеткізді.
– «Жаңа қала» 16/1 тұрғыны ауланы абаттандыру, паркинг, тазалық жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныс айтты. Шаһар басшысы аталған мәселе бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді.
– «Отырар» мөлтек аудан тұрғындары тарапынан А.Байтұрсынов атындағы мектепте оқулық жетіспеушілігін, атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасында жалған ажырасу, табысын жасыру жағдайлары барын, тізімді қайта зерделеуді айтты. Сонымен қатар, аулаларды көгалдандыру бойынша бірқатар өтініштер айтылды.
– 8 және 12 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутын созу, аты жоқ көшелерге атау беру, ойын алаңшаларына көңіл бөліп, оларды қоршау, «LF Түркістан» футбол клубына қолдау көрсету, «Тұран батыр» аула клубына ғимарат беру, қоқыстардың жиі алынуы үшін жұмыс күшін көбейту жайы қозғалды.
– Сонымен қатар, қала әкіміне кәріз жүйесі құрылысы автомобиль жолдарына зиянын тигізбесе деген тілектерін жеткізіп, құрылыс аяқталған жерлердің қайта қалпына келтірілуін қадағалауды сұрады.
– Жалғызілікті ана үй кезегінде 6 жыл тұратынын тілге тиек етіп, көпбалалы мен әлеуметтік әлсіз топтарға берілген үйлерді қайта тексеруді сұранды. Сондай-ақ, азық-түлік себеттерді атаулы әлеуметтік көмек алатындарға ғана емес, әлсіз топтарға да үлестірілсе деген тілегін жеткізді.
– «Жаңа қала» 16-үйдің тұрғыны көпқабатты үйдің жеделсатысын іске қосуды өтінді. Қала әкімі жауапты мамандарға бұл мәселені бүгіннен қалдырмай шешуді тапсырды.
– Ауыр жүк көліктерін қадағалау, қажеттілігі бар көшелерге қосымша трансформатор орнату туралы өтініш те назарға алынып, жұмыс жоспарына енгізілді.
Кездесу нәтижесінде хаттамалық тапсырма түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды.