Wednesday, December 4

АБАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ РЕФОРМАСЫН ТҮСІНДІРУДІҢ МЕДИАЖОСПАРЫ БЕКІТІЛГЕН

0
133

Шымкентте жаңа басқару нысанын құруға болатын 2106 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде 94 үйде мүлік иелері бірлестігі құрылса, жай серіктестіктер 475 үйде құрылған. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Шаһарда тұрғын үй реформасын түсіндіру жұмыстары төрт аудан аумағында белсенді жүргізіліп жатыр.

Абай ауданында кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

–Аудан аумағындағы көпқабатты 374 тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Ал қалған көпқабатты 76 тұрғын үйді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, келісім хаттамалары жиналуда, — деді аудан әкімі.

«Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидасын түсіндіру барысында көпқабатты 142 тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалған. Бұл көрсеткіш тұрғын үй көлеміне шаққанда 31,5 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, көпқабатты 90 тұрғын үйде жай серіктестік және көпқабатты 52 тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелген. Бұдан бөлек, көпқабатты 3 тұрғын үйдің құжаттарына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Leave a reply