САЙРАМДАҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

0
63

Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған.

Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты.

«Ауыл аманаты» және өзге де қолдау тетіктері бар. Тұрғындарға түсіндіріп, көмектескен жөн. Сүтті, етті, көкөніс пен жемісті терең өңдейтін зауыттар көп болса, өңірдің өндірістік әлеуеті көтеріледі. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы «GLOBUS PLUS» ЖШС ауыл шаруашылығы көкөніс өңдеу цехымен танысты. Бұл кәсіпорын кәсіпкердің жеке қаржысы және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кеңейтілген. Жоба құны – 500 млн теңге. Қуаттылығы тәулігіне 20,0 тонна болатын өндіріс орнында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Облыс әкімі цех ғимаратында өндіріс көлемін ұлғайту және осы бағытта жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Жауапты басшыларға, аудан әкіміне кәсіпкерлерді қолдап, сүйемелдеу жұмысын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Leave a reply