САЙРАМДА ТАҒЫ БІР ТОЙХАНА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ АЙНАЛДЫ

0
57
Естеріңізде болса бірер апта бұрын Түркістан облысы Сайрам ауданында тойхана спорт кешеніне айналған еді. Бүгін міне тағы бір тойхана мәдениет үйіне айналуда. Осыған дейін аталмыш ауданның 10 550 халық саны бар Арыс ауылы огругінде бірде бір мәдениет ошағыболмаған.
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның «Арыс» салтанат сарай ғимаратын халықтың игілігіне клуб, кітапхана ашуға ұсынысымен Нұр Отан Партиясының саяси кеңесінің мүшесі, жергілікті кәсіпкер Хайтенов Равшан қолдауымен салтанат сарайы мәдениет үйі ретінде пайдалануға берілуде. Бұл нысанды 2016 жылы іске қосқан. Алайда бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған қазіргі күнге дейін бос тұрған.
Ғимараттың екі қабатты жалпы пайдалы көлемі 1207 шаршы метр. Үлкен залын көрермендер залына және би үйірмесіне, қалған 4 бөлмесіне үйірмелер және кітапхананың орналасуына ыңғайлы. Қол өнер, дайро, би үйірмелерімен кітапхана және оқырмандар залы ашылады.
Айта кетсек рухани орда биылғы жылдың бірінші маусымында ашылу жоспарлануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған