Сайрамдық келіншек 12 сиырдан күніне 50 литр сүт сауып, кәсіп қылып отыр

0
157

Елімізде «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынғалы бері талай тұрғын жаңа іске бет бұра бастады. Мәселен, Сайрам ауданындағы ең жас ұсыныс беруші 22 жастағы Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Карина Жапан ауылда тұрса да, кәсіптің көзін тауып, көптің ықыласына бөленіп жүр.

Каринаның таңы сиыр сауудан басталады. Келіншек екі ай бұрын «Ауыл аманаты» арқылы несие алған. Ондағы мақсаты қорасын сауынды сиырға толтырып, табысын арттыру екен. Бүгінде оның ойлағаны іске асып, 12 сиырдан күніне 50 литр сүт алып отыр.

Айта кетейік ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын.

“Ауыл Аманаты” жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:

1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;

2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;

3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;

4) мал шаруашылығын дамыту;

5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;

Несиенің негізгі шарттары:

1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;

2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;

3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;

Несие талаптары:

1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;

2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;

3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;

4) кепілмен қамтамасыз ету;

5) зейнет жасына жетпеген;

6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;

Leave a reply