ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЖЕТТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

0
60

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков жүргізді. Қаладағы эпидемологиялық жағдайға байланысты кеңес отырысы онлайн форматта болды.

Жиынға кеңес мүшелерімен қатар қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева қатысты.

Айта кетейік, «Nur Otan» Шымкент қалалық филиалының алдағы 5 жылға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында қаланың топ-10 басымдықтары нақтыланып, соның ішінде әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесі осы күнге дейін екі отырысын өткізіп, тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша маңызды мәселелерді талқылап, оның шешілуіне ықпал жасаған.

Ал бүгінгі отырыста Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнеткерлік жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету барысы талқыланды. Кеңес отырысында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева Шымкентте Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнеткерлік жастағы адамдарға жасалынып отырған көмек туралы баяндады.

Leave a reply