Сайрам ауданында кәсіпкерлік өркендеп келеді

0
41

Экономиканың күретамыры – кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес өркен жайға жерде жұмыссыздық азайып, халық Үкіметтің алақанына қарайтын кіріптарлықтан құтылады. 

Түркістан облысы, Сайрам ауданының кәсіпкерлері осы қағиданы берік ұстанады екен. Жыл басынан бері ауданның экономикалық көрсеткіші өсіп, өндірісі алға басуда.  Толығырақ тарқатсақ.

 Сайрам аудандағы 68 өнеркәсіп кәсіпорындармен 47,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 12,2 млрд теңгеге артық өнім өндірілген. Оның ішінде өңдеу саласы дамып келеді, оның өнеркәсіп саласындағы үлесі 86%-ға жетті, яғни 41 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Көрсеткіштің өсу қарқынымен аудандар арасында Сайрам 2 орында.

Құрылыс индустриясын дамытуда кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен 30 жұмыс орнымен газоблок шығаратын зауыт іске қосылды («Корпорация АЯН» ЖШС-і)

Жалпы, өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 52,7 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады, бүгінгі таңда жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 161 азаматқа мемлекеттік грант берілген.

Жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы, өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айна­лысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ауданда ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180,0 млрд теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары  жақсы жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарлама аясында 175,0 млн теңгелік 2 жоба, «Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламасымен құны 240,0 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылған, микрокредиттік ұйымдар арқылы 2494 адам 1,9 млрд теңгеге несиеленген.

Сайрам ауданында жыл басынан бері 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Сайрам ауданының экономикасына жыл басынан 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылса, оның 28,9 млрд теңгесі немесе 76% жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы жылдары 1,6 есеге артқан. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша облыс көлемінде аудан3 орында, үлесі 6,4%. Көрсеткіштің өсімін қамтамасыз ету үшін экономика салаларына инвестиция тартып, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындармен және кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізуді  жалғастыратын боламыз. Сонымен қатар ауданда  ішкі саяси жағдай тұрақты. Өздеріңізге белгілі, белсенді түрде жұмыс істеп тұрған «Парасат» пікір талас клубының тәжірибесі облысқа таратылды. Қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Биыл клуб мүшелері 3 рет бас қосқан. Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары жалғасын табуда. Яғни, алдағы уақытта да жұмысымызға оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекет басшысы халық пен билік арасын жақындата түсу керектігі туралы тапсырмасына сәйкес, үш ай сайын халықпен кездесу өткізіп, ауылдарды аралып, шаруалардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігіне қарай шешілуде. Сонымен қатар, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, ауданға қатысты тиісті ақпараттар күнделікті жариялануда. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграмм ботт», «WhatsApp» желілері арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Өз тарапымнан «TURKISTAN» телеарнасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша тікелей эфирде кеңінен сұқбат берілсе, республика, облыс және ауданға белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ауданның тарихы, руханият пен мәдениетті көтеру, жастар тәрбиесі жайында кездесулер ұйымдастырылған.

Ауыл шаруашылығында ілгерілеу бар. Сайрам аудандағы басты сала агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамуда. Соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 2022 жылдың 10 айында 108 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артық өнім алынған. Облыс көлемінде ауданымыздың үлесі 11,4%-ды құрап, бүгінгі таңда 2 орынға тұрақтаған.

Жаңадан 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе, 10,4 га жерге жылыжайлар салынып, 35 га жерге қарқынды бау егілген. Биыл егіс көлемі 52,8 мың гектарға жеткізіліп, шаруалар тарапынан күздік бидай, арпа толығымен жиналып біткен.

Былтыр «Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу» жобасы 280 гектарда жүзеге асырылса, биыл бұл көрсеткіш 306,2 гектарға жетті. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, ет өндірісі мен сүт өндірісі де арта түскен.

Сонымен қатар биыл агроөнеркәсіп кешенінде жалпы 75 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды. Атап айтсақ,

Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы»- диірмені. Жобаның құны 370 млн теңге. Онда өсімдік майын шығаратын цехті іске қосты. Оның құны 37 млн теңге. Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і – сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік, құны – 100,0 млн теңге) іске қосылды.  Ақсукент ауыл округіндегі «ЗӘУРЕ» ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасын (құны – 2232,9 млн теңге) іске асырды.

Осы іске қосылған жобалар ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артуына себеп болып, жыл қорытындысын 119,7 млрд теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз.

          Ал енді осы саланың өзекті мәселесі – ағын су. Сондықтан аудан көлемінде суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамту барысындағы жұмыстар да жыл бойы тоқтамайды. Атап айтсақ, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге дейін каналдар мен арықтардың жалпы 132 шақырымы тазаланды.

Сонымен қатар, келесі жылы Әсіл, Аламан, Төменгі Аққала, Сай-Манкент елді мекендеріндегі 5 каналды күрделі жөндеуден өткізуге құны 75 млн теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу үшін облыстық басқармаға тапсырылған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған