Сайрамдық тұрғындардың назарына Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілік жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Қазақстанда 1999 жылғы жүргізілген халық санағы қазақ жерінде байырғы жергілікті ұлтпен бірге 130 ұлыс өкілдері, яғни этностар тұрып жатқандығына көрсетті. Күллі ұлттық мәдениеттердің кедергісіз өркендеп, кібірткісіз өмір сүруін қамтамасыз ететін арнаулы шарттардың бірі оларға құқықтық жағдай туғызу болып табылады. Ұлтаралық келісімдерге құрылған саясат көп тер төгуді қажет етеді. Өйткені ол халықтар арасындағы келісім мен сенімнің ауқымын кеңейтуді көздейді деп санаймыз.
Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс көп этносты тұрғындарының конституциялық- құқықтық базасын құрудан басталды. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата заңымызда бірқатар баптар осы мәселелерге негізделген. Мысалы, 39-баптың 2-тармағында «Ұлтаралық келісімді бұзуы мүмкін кез-келген іс-қимыл конституцияға қайшы деп табылады» деп көрсетілген.Қай ұлттардың да азаматтарын саяси, эканомикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы – Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президенттерінің Жарлығы шықты. Ал 1995 жылғы 24 наурызда Ассамблеяның құрамына 33 ұлттық өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 40-тан аса ұлттық-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық «Қазақ тілі», «Русская община», «Русский союз» ұйымдары, «Истоки» мәдени-ағарту, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, ассири, күрд, қытай ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істеуде.
Ассамблея ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен қоса, адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар өткізді. 1995 жылдан бастап жоғары оқу орындарында бөлген 10 пайыздық квотасы бойынша азшылық ұлттардың өкілдері оқи бастады. Жалпы 1995-1998 жылдар аралығында жоғары оқу орындарына аталған квота бойынша 4600 түлек түсті. 1995 жылы Алматы және Семейде Архиепископ Алексийдің ұсынысы бойынша, Ассамблея қолдауымен славян жазуының 1100 жылдығы өткізілді. Ұлттық-мәдени орталықтар Абайдың 150 жылдығына арналған аса пайдалы мәдени шаралар ұйымдастырды. Бұндай жемісті қызмет, Қазақстан халықтарының нақты мәселелерін шешу осынау шынайы халақтық, демократияшыл ұйымының беделін өсірді. Ұлтаралық қатынастарды нығайтуға негізделген Ассамблеяның жұмысы халықаралық сарапшылар тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Мысалы, 2003 жылдың соңында Алматыда «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: тәжірибесі және перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы кеңінен талқыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2007 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Қазақстандағы ұлт өкілдері Ассамблея арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді. Осылайша ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизимге айналды. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылды Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы деп жариялады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деген конституциялық қағидаға сәйкес елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілдерін оқып-білуіне жан-жақты көмек көрсетілді. Азшылық құрамдағы этностардың топтпсқан жерлерінде ұлттық мектептер ашылды. Елімізде 2005 жылы 100 ұлттық мектеп және 178 жексенбілік мектептерде 23 ұлттың тілі оқытылғаны тіркелген. Ұлттық тілді дамытуда ұлттық-мәдени орталықтардың да маңызы елеулі болды. Ондай орталықтар өздерінің филиалдарымен 2005 жылы 471-ге жетті. Сонымен қатар, 6 ұлттық театр жұмыс істейді. 2005 жылы Қазақстан халықтарының 14 тілінде 218 газет және журнал; 19 ұлттық газет шығатыны тіркелген. Республикалық «Хабар», «Қазақстан-1» телеарналарында әртүрлі ұлттық тілде Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы, мәдениеті, өнері мен әдет-ғұрпын хабарлар тұрақты орын алды. Қазақ радиосының «Евразия» халықаралық арнасында орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, татар, әзірбайжан тілдерінде бағдарлама жұмыс істейді. Украин, поляк, ағылшын, неміс, кәріс, ұйғыр, түрік, дұнған, өзбек, татар және басқа тілдерде 7 радиостанция хабар таратады. Төрт ұлттық газет – «Дойче альгемайне цайтунг», «Коре ильбо», «Украински новини», «Ұйғур авази» мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Жоғарыда айтылғандарды сараптай келе, мынадай қорытынды жасадық: Қазақстан – демократиялық жолмен дамып келе жатқан зайырлы жас мемлекет. Мұндағы баса айтайын дегеніміз, қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр.