Санитариялық талаптарды сақтамаған Сайрамдағы дәмханаға айыппұл салынды

0
48
16 наурыз күні әлеуметтік желілерде санитариялық талаптарды сақтамаған дәмханалардың біріне қатысты видео тарап, көпшілік арасында резонанс тудырған болатын. Видео авторы қоғамдық тамақтану орнының Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы «Минутка» дәмханасы екендігін айтқан.
Аталған жағдай бойынша Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан 27- 31 наурыз аралығында арыз негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде дәмханада жуу жинау, және дезинфекция жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі, тамақтану залындағы желдету жүйесінің жалюзді торларының жуылмағандығы, шайындыларды микробиологиялық зерттеу нәтижесінде 20 сынамадан 2 ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталған. Сондай-ақ, тағам дайындауда пайдаланатын ет және ет өнімдері, макорон, ұн, өсімдік майының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған.
2023 жылдың 17 сәуіріне дейінгі уақытта өрескел бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым беріліп, жеке кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бап 1-бөлігіне сәйкес, 230 АЕК (793 500 теңге) айыппұл салынды.
Жоғарыда көрсетілген ұйғарым талаптары мерзімінде орындалмаған жағдайда материал сотқа жолданады.

Leave a reply