Четверг, 19 сентября

САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП » ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

0
45

Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының А, Г және В блогтарында кірпіш қалау, сыртқы ауланың топырақтарын нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 104 адам жұмылдырылған.

Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мектеп ғимаратының жер жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ғимараттың бірінші қабатына кірпіш қалау және жертөледе сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 30 адам жұмыс атқаруда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты. Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратына ішкі әрлеу, ішкі сантехникалық жүйе орнату және электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы нысанда 162 құрылысшы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жаскешу елді мекеніндегі 900 орындық мектептің 1-ші және 2-ші қабатына электр сымдарын тарту, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану қажет екенін ескертті.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.

Leave a reply