САУРАН АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ  ” РЕСУРСТЫ ӘЙЕЛ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР – ТРЕНИНГ ӨТТІ

0
103

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі мен облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен “Дара Ұрпақ” қоғамдық қорының бастамасымен

“ Ресурсты әйел” тақырыбында семинар – тренинг өтті.

 

Семинар – тренингке ауылдардағы көп балалы аналар, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы И.Намазбаева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұманова, “Дара Ұрпақ” қоғамдық қорының директоры, эксперт Рухабза Қалдарбек, кәсіби психолог, ментор Жазира Ермаханбетқызы қатысты.

 

Семинар – тренингті Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат ашып, семинар тренингтің облыста, оның ішінде ауданда алғаш рет өтіп отырғандығын және отбасында ата-ананың жауапкершілігін арттыруға, бала тәрбиелеуде септігін тигізетінін айтты.

 

Тренинг барысында Рухабза Қалдарбек пен Жазира Ермаханбетқызы “Ресурсты әйел” жобасы қолға алынғанын айтып, отбасында бала тәрбиелеу, психологиялық күйзелістен шығу, қиындықтарды жеңе білу, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ойларымен бөлісіп, аналарға өмірге деген құлшынысына жігер сыйлады.

Leave a reply