САУРАН: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

0
30

Бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығының алғашқы күнінде Шолаққорған ауылында орналасқан «Абай», «Тәуелсіздік» және «Данқ» саябақтарына 200 түп роза мен 1300 түп шырайгүл көшеттері егілді. Аса күтім талғамайтын және ұзақ гүлдеп тұратын шырайгүл – саябақтар ішінің сәнін кіргізуде.
Сонымен қатар, саябақ іштері қалыпқа келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ жаңадан отырғызылған 2000-нан астам тал көшеттері суарылып, арам шөптер оталды. Алдағы күні өзге де ауылдық округтерде «Жасыл аймақ» апталығы аясында егілетін тал мен гүл көшеттерінің саны арта түспек.

Leave a reply