СОЗАҚТАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ҰЖЫМЫ АЛҒЫ ШЕПТЕН ТАБЫЛАДЫ

0
54

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері, штаб мүшелерінің Созақ ауданында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицейінің ұжымымен кездесуі өтті.
Басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі М.Дәулетов, Созақ аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық қоғамдық штаб төрағасы Б.Байғараев, «Аманат» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Сағындық қатысып, ұстаздар қауымына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сайлауалды бағдарламада әдеттегідей, қазақстандықтарды толғандырған мәселелердің нақты шешімі көрсетілген. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Осының барлығы жаңа қадамдардың дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.


Кездесуде бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде және ұстаздар мәртебесіне қатысты қолға алынған шаралар мен оның нәтижесі туралы сөз болды. Осы орайда педагог мәртебесіне қатысты мектеп ұжымының атынан сөз алған Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Жұмаділ: «Бұрын үзіліссіз 30 жыл ұстаздық еткен жан зейнетке шығатын. Қазіргі мұғалім мәртебесі туралы заңда осы тармақ ескерусіз қалып отыр. Ауылды жерде мектепте қызмет етіп, оған қоса үй, мал шаруасымен айналысып жүретін мұғалімдеріміздің жасы ұлғайғанда жүйкесіне ауыртпалық түсетіні белгілі. Осы мәселе төңірегінде яғни, 30 жыл педагогика саласында қызмет еткен ұстаздарды зейнетке шығару мәселесін заңмен бекітсе деген ұсынысым бар»,- деп алдағы өтетін сайлауда мектеп ұжымы белсенділік танытатынын айтты. Сонымен бірге, бұған дейін де саяси науқандарда аудандағы білім мекемелерінің арасында әр кез алғы шепте жүретін ұжымның бұл жолы да сол қарқыннан танбайтынын жеткізді. Ал, аталған сауалды Түркістан облыстық қоғамдық штабқа жеткізетінін хабарлаған аталмыш штаб өкілі Мәлік Жұмаханұлы жиында ұстаздардың алдағы сайлауға қатысты сауалдарына жауап берді.
Кездесу жаңа Қазақстанның жарқын болашағына қадам жасау жолында әрбір жан жауапкершілікті сезініп, белсенді болуы тиіс деген ұстаныммен түйінделді.

Leave a reply