Созақта шаруа ұзындығы 1,5 метр болатын қауын өсіріп, оны «анаконда» деп атады

0
51

Түркістан облысының Созақ ауданында қауынның ерекше сорты өсірілуде.

Созақ ауданы, Созақ ауылының тұрғыны Шәріпжан Рысметовтың егістік алқабы биыл қауынның жаңа сортымен толықты. Ұзындығы 1,5 метр, ені 7 сантиметрді құрайтын қауынның дәмі өзгеше. Басы жыланға ұқсайтындықтан, жемістің бұл түрін шаруа «анаконда» деп атапты.

«Қауынның табиғи түрде будандасып, содан пайда болған түрі. Бір түпте үш түрлі тармақ болады. Соның екеуінде баспалды қауын шықты да, біреуінен «жылан» қауын алдық»- дейді ол.

Шаруа ерекше сортты қауыннан 5 дана ғана алған. Оны да ауыл тұрғындары қызығып, үйлеріне алып кетіпті.

«Алғашқыда жапырақтардың арасынан көргенде жылан екен деп ойлап қалдық. Жұмысшыларда қорқып қасына жоламады. Содан күрек пен кетпенді қолыма алып, жапырақтарын бір шетке ысырып, жәймен ашып қарасам, кәдуелгі қауын екен. Күнделікті күйбең тірлікпен экспертизаға жіберуге мүмкіндік болмады» — дейді Шәріпжан Айтыметұлы.

Айта кетейік, шаруа 5 жылдан бері қауын-қарбыз өсіріп келеді. Биылда 2,5 гектар жерге қарбыз, 1 гектар жерге қауын егіп, мол өнім алды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған