СОЗАҚ АУДАНЫНДА «АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР» АТТЫ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аталған акцияның мақсаты-мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру. Сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің ата-ана және мұғалімдердің назарын аудару.
Аталмыш мақсатта ұйымдастырылған акция барысында жұмыс жоспары құрылып, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Созақ ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ Ы.Алтынсарин және Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына «Жолдарда қауіпсіз қозғалыс үшін- жасөспірімдердің идеялары мен бастамалары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелет жасына толмағандар мен жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық кұкық бұзушылық, яғни түнгі уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүрмеу және басқада жасөспірімдер арасындарғы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде сөз қозғалды. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.