Суббота, 1 марта

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕСЕНЕ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0
25
Бүгін мәдениет қызметкерлері «Таза Қазақстан-2025» іс-шарасы аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ежелгі Түркістан қалашығы аумағында тазалық жұмыстары өтті.
Түркістан қаласындағы мәдени ошақтар аталған іс-шарада белсенділік танытты. 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында өткізілген жоспарлы сенбілік жұмыстары бірлік пен еңбек сынды құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Тарихи-мәдени орындардың тазалығын сақтауға үлес қосу арқылы еңбек адамдарына алғысын білдірді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңіріміздің аудан, қалаларындағы киелі орындарда жүзеге аспақ.

Leave a reply