ҚЫЗДАР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

0
37

Қырмызы қыздар — сұлулық символы. Халқымыз қашанда әсемдік пен әдемілікті «қыздың жиған жүгіндей», «бойжеткеннің бұрымындай», «ақ жүзі албыраған арудайын» — деп қыз-келіншектер табиғатымен, жалпы әйел затымен байланыстырған. «Қыз — жат жұрттық», «Қыз — қонақ» деп ерекше қадір тұтқан. Сонымен қатар «Қызға қырық үйден тыю, қала берді, құлдан тыю» — деп қыз балалар тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген.
Сондықтан да, келешек жастар тағдырына алаңдаушылық Сауран ауданы әкімдігін тың қадамдарға жетеледі. Алғаш рет Сауран ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерим Ералықызының бастамасымен «Сыр мен сымбат» қыздар клубы құрылды.
«Сыр мен сымбат» қыздар клубын ашудағы негізгі мақсат бұл өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғаны дамытуға, салауатты өмір салтын дағдыларын қа-лыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді зер-делеуге бағытталған ортақ мүдделері бар Сауран ауданы жалпы білім беретін мектептерінің 14-17 жастағы жасөспірім қыздарды, жас келіндер мен Аналар алқасы және Әжелер алқасын біріктіру жолы болып табылады. Бұл тәрбиелік мәні зор қадамға өмірдің өзі әкеліп отыр десек те болады. Даңғазасы мол шетелдік ағымның ыңғайында кеткен жастарымыздың санасына ұлттық артықшылықтарымыз бен өнерімізді сіңіру — баршамызға сын.
Аталмыш клубтың ашылу салтанатына қатысқан комиссия мүшелері, арнайы шақырылған меймандар, білім ордаларының өкілдері, жалпы жиналған қауым өз ұсыныстары мен пікірлерін осылайша білдірді. Аталған іс-шараны Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерім Ералықызы сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.Ол өз сөзінде бұл игілікті бастаманың жүзеге асуына түрткі болған жағдайларға тоқтала келіп:
— «Жыл қорытындысы бойынша әр ауданда, көшпелі түрде, кезекпен үйлестіру кеңесі өтіп отырады. Он жеті аудан-қала бойынша өтетін осындай мәжіліс Бәйдібек ауданында өткенде айналамызда балалар тәрбиесіне байланысты болып жатқан кейбір келеңсіз жағдайларды мысалға келтіре отырып, тығырықтан шығудың бір жолы ретінде осындай ұсыныс тастаған едім. Көпшілік тарапынан да, ресми орындар тарапынан да қолдау тауып, бүгін өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Ондағы негізгі мақсат, жастарды жинап алып, сөгу, айыбын бетіне басу немесе семинар- тренингтер өткізіп, ақыл айта беру емес, нақты іс-әрекетке көшу. Клубтың көшпелі отырыстарын мектептерде ұйымдастыру. Аптаның әрбір күнін белгілі бір тақырыпқа арнап, кілем тоқу, тоқыма, тігін тігу, ас пісіру, қажетті өнерге үйрету.
Сондай-ақ, клубтың ашылу салтанатында сөз алған ҚХА жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова, Сауран ауданы әкімдігі жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат» жөніндегі комиссия хатшысы Айжан Нұржаубайқызы, «Сауран» аудандық газетінің бас редакторы Ләззат Сарыбаева, әжелер алқасының мүшесі Әсемгүл Мәметова, тағы басқа іс-шараға қатысушылар өз ойлары мен ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Қалай дегенмен де, ұлт болашағы мен ұлт тәрбиесі — ежелден аналар қо-лында. Сондықтан да, жаны да, тәні де сұлу ұрпақ тәрбиелеуді бүгіннен бас-тауды мақсат еткен саурандықтардың бұл игі қадамы — құптарлық іс. Сәттілік серік болсын «Сыр мен сымбат!».

Leave a reply