Thursday, November 21

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” НАУҚАНЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0
103

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза өлке – Түркістан» науқаны қарқынды өтуде. Акция аясында «Таза өлке» апталығы көшелерді тазалаудан басталды. Аталған шараға қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, туған жер табиғатының түрленуіне үлестерін қосты. Атап айтсақ, игі бастамаға Сарыағаш ауданы қолдау білдіріп, қоқыс қалдықтары мен арық ішіндегі шөптерден тазарту жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданында абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстары қарқын алған. Ауданда ағаштарды әктеу, көшеттер отырғызу, көшелерді тазалау және тағы басқа жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте ауқымды сенбілік өтіп, жол бойындағы ағаштар ақталып, арық-атыздар, аяқжолдар тазартылды. Сондай-ақ қарабастаулықтарға халық қалаулысы Нұзат Ортай өз есебінен 300 метр тор алып беріп, нәтижесінде тұрғындар асарлатып көшет егілген аумақты қоршап алды.Төлеби ауданының тұрғындары да тазалық шарасында белсенділік танытты. Табиғат жанашырлары шара аясында 29 600 түп көшет отырғызды. Сондай-ақ аудан көлемінде инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру жағдайларының алдын алу жұмыстары қолға алынған.

Leave a reply