Тоқаев алдағы 4 күнде қайда барады?

0
54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

16 маусымда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

17 маусымда Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен мерейтойлық XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы ПХЭФ пленарлық отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ, бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

19 маусымда Қазақстан көшбасшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған