Тоқаев: «Күзге таяу кадрлық өзгерістер болуы мүмкін»

0
49

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін болған үкімет отырысында қазіргі үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Президент өзі құрған қазіргі үкіметтің жұмысына былай деп баға берді:

«Үкіметтің жұмысын орташа деп бағалауға болады, жалпы. Барынша табанды жұмыс істеуге тырысып жатыр. Қазіргі дағдарыс кезінде белді бос жіберуге болмайды. Жұмысты үдету қажет», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, үкімет жұмысын жандандыру үшін барынша жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет. Мемлекеттік орган жедел әрекет штабы бола отырып, нақты реформаларды іске асыратын басшылық болуы тиіс.

«Қазақстанда талантты экономист пен кәсіпкер көп. Бірақ ұсыныс аз. Жоқ деуге болады, тіпті. Күзге таяу өкінішке қарай, кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Дағдарыс кезінде жақсы кадр ауадай қажет», — деп түсіндірді Тоқаев.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған