Тоқаев пен Путин форумда сөзге келіп қалды (видео)

0
45

Ресей мен Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумында жолбарыстар туралы дауласты. Бұл туралы Infonews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі елдің экологиялық мәселелерін талқылау кезінде жануарлар туралы сөз қозғалды.

Тоқаев ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Қазақстанда өмір сүрген жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтты. Далада өмір сүрген Тұран жолбарыстары туралы айтты.Тоқаев жолбарыстардың бұл түрі өткен ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда болғанын, ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көрінбей кеткенін, сондықтан Қазақстан жолбарыстарды көбейтудің халықаралық жобасын қолға алатындығын айтты.

Оны ести сала Ресей басшысы жолбарыстың үлкендігін айта бастады.

– Жо-жоқ, Ресейде ең үлкен жолбарыс. Әрине, ол Қиыр Шығыста, – деді Ресей президенті.

 – Иә, мен білемін, Амур жолбарысы. Біз сіздің тайгаға қалай барғаныңызды, жолбарыстардың популяциясына жеке қатысқаныңызды көрдік. Мұны бәріміз білеміз, дегенмен жолбарыстың аты жолбарыс, ол қай жерде болса да бірдей, – деді Қазақстан басшысы.

IMG_6629

Leave a reply

Ақпарат қорғалған