«ТІРШІЛІКТІҢ БАСТАУЫ – ҚАЗЫҒҰРТ»

0
50
2023 жылдың 26 мамыр күні Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының республикада алғаш рет ұлттық жоба ретінде ұлттық туризмді дамыту, оны жаңа форматта түрлендіріп енгізу бойынша педкеңестегі ұсынысына сәйкес, Қазығұрт аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіршіліктің бастауы — Қазығұрт» тақырыбындағы облыстық туристік көшпелі семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты, туған өлкеміздегі ұлттық туризмді дамыту, тарихи құндылықтарды дәріптеу және туризмнің әдіс-тәсілдерін үйірмешілер арасында дамыту. Жас туристерді салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, денсаулығын нығайту және ерік-жігерін, төзімділігін, тез шешім қабылдау қабілетін арттыру.
Көшпелі семинарды «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы ашып берді. Сондай-ақ, Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Абай Серкебаев сөз сөйледі. Келген қонақтар киіз үй жабдықтары, аңшылық бұйымдар, ас үй бұйымдарынан жасалған көрмені тамашалап, үйірмешілер ән айтып, би биледі. Сонымен қатар ұлттық қазақша күрес пен арқан тартыс ойындарының әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Leave a reply