ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

0
46

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аралауға шығып, жасыл желектердің жағдайын бақылады.

Қаладағы көгал аумағы — 2,5 млн. ш.м. асады. Жасыл желекті суғару бойынша жерасты суы мен Арыс-Түркістан каналының суы барынша тиімді пайдаланылуда.

Бүгінде шаһардағы 200-ден астам көше ирригациялық арық арқылы суғарылуда. 1,5 мың шақырым гидрантты жүйелер пайдаланылады.

Жоспар бойынша биыл облыс орталығында 250 мың ағаш көшеті мен 128 гектар көгал егіледі. Жыл басынан бері 500 мың м2 аумаққа көгалдандыру жүргізіліп, 100 мыңнан аса көшет отырғызылды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы суғарылу жүйесін тәулік бойы кестеге сәйкес жүргізілуін жеке қадағалап отыр.

— Қаланың климаттық ерекшелігі босаңсуды көтермейді. Кезекшілік қойып, жұмысты аса жауапкершілікпен атқару керек. Жасыл желекті баптауда ұсақ-түйек мәселе деген жоқ. Суғару жүйесі, босатылатын су көлемі, уақыты, бекітілетін адам, тіпті әр шаршы метр назарларыңызда болсын, — деді әкім өз сөзінде.

 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған