ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТУДЕ
Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды саяси науқан болып жатыр. Осыған орай, түркістандықтар жалпыхалықтық референдумға үлес қосып, таңмен таласып таңдауларын жасауда.
Тарқатып айтсақ, №136 референдум учаскесіндегі мемлекеттік әнұранмен басталған ауқымды науқанда бірінші боп Сейітқазиев Мұқан есімді азамат дауыс беріп, естелік сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, бүгін алғаш рет дауыс беруге келген 18 жасар түркістандық тұрғынға да сыйлық табысталды.
Ата заңымызға қатысты саяси шешімдерге алғашқылардың бірі боп үлес қосқан азаматтардың ішінде қала әкімі Н.Тұрашбеков те бар.
– Бүгін еліміз үшін саяси маңызы терең күн. Қазақстандықтар азаматтық құқықтарын пайдаланып, алдағы Конституцияға енетін өзгерістерге өз үлестерін қосуда. Қала бойынша 117891 дауыс беруші, 50 дауыс беру учаскелері бар. Түркістандықтар осы референдумда бір үйдің баласындай бірлікте жұмылып, алдағы болатын оң өзгерістерге атсалысады деп ойлаймын! – деді шаһар басшысы.
Жаңа Қазақстанға, жарқын болашаққа жетелейтін маңызды күн баршаңызға сәтті өтсін!