Түркістанда саябақтардың саны артуда

0
56

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті.

Жиналыста қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков күн тәртібіне сәйкес сөз алып, атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 2022 жылы 7, 9 және 12 қабатты, жалпы 53 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп, қабылданады. «Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру мақсатында жер тегістеу, аяқжолдар төсеу және автотұрақ орындарын асфальттауға дайындық жұмыстары атқарылды. Қалада саябақтар саны артуда.

Шаһар басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі қаланы көгалдандыру, суландыру жұмысын күшейтуді тапсырды.

– Барлық каналдарды жаяу аралап, көріп жүрмін. Егер шілде күні қаланы суландыра алмасақ, бұл іс дұрыс болмайды. Күнде таңертең әрбір су берілетін аумаққа барып, судың жіберілгенін назарда ұстау қажет. Біз қалаға қаншама гидранттар, каналдар салдық. Енді оған су бермесе, жауапты тұлғалар қадағаламаса іс өнбейді. Ағын суды есептеп, бақылау керек, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Жаз айларында жасыл желектерді суғаруды қарқынды әрі тиімді жүргізу мақсатында 3 ауысымдық жұмыс кестесі жасалды. Аталған жұмыстарды «Жасыл-Түркістан» КММ және «Жарық-Тазалық» ЖШС бірлесе жүргізіп жатыр. Б.Саттарханов даңғылы бойына күнделікті сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін 8 техника қойылып, 3 ауысымдық түнгі кезекшілік ұйымдастырылған.

«Отырар» мөлтек ауданындағы Яссы көшесі бойынан 2,34 га аумақта гүлзар құрылысы басталды. Аталған нысанда үлкен субұрқақ, демалыс орындары, спорт алаңшалары, балалар алаңшалары, аяқжолдар, веложолдар, жүгіру жолақтары мен жасыл желектер қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер тарапынан жер жұмыстары жүргізіліп, бетон арықтар және бордюр орнату, инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталған.

 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған