Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтірген күдікті құрықталды

0
48

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек оқиға туралы хабарлама 22 ақпан түнгі уақытта Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен келіп түскен. Оқиға орнына бірден Түркістан қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД-нің тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылған. Нәтижесінде орын алған ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Іс барысында күдікті сол түні ұсталды. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт өз кінәсін мойындап, заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, нәтижесінде жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізілуде», дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Leave a reply

Ақпарат қорғалған