ТҮРКІСТАНДА 1500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

0
62

«Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлердің аулаларына 1500 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу үшін қолға алынған шара. Қалада қазір таңда 1036 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде жылдамдықты өлшейтін «Сергек» камерасы – 40. Қосымша 26 көше қиылыстарына «Сергек» камералары орнатылуда. Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс былтыр 5 пайызға төмендеген.

Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. 2021-2022 жылдар аралығында қаламызда 267 шақырымды құрайтын 201 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 147,8 шақырымды құрайтын 155 көшесіне жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Қалған 46 көшенің жарық жүйесі биыл тартылып, тұрғындарды қуанышқа бөлемек.

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Селтановтың 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Күзембаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала прокуратурасының өкілі Күмісхан Таңатов, қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадұллаев, қалалық түрік мәдени орталығының төрағасы Усейн Медедов, өзбек этно мәдени орталығының өкілі Толқын Сайдмұратов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мақсат Даниярбек және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Сапарұлының мәлімдеуінше жалпы, 2021 жылдың 12 айында орын алып отырған құқық бұзушылықтардың деңгейі төмендегені байқалады. Яғни, 2020 жылдың 12 айында қала көлемінде 909 құқық бұзушылық тіркелсе, 2021 жылдың 12 айында 864 құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға кеміген. Оның ішінде қылмыстық әрекеттердің деңгейі 833-тен 792-ге дейін төмендеп, 4,9 пайызды құраған.

Барлық ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны 2020 жылғы 280 болса, есепті мерзімде бұл көрсеткіш 337-ге 20,4 пайызға өскенімен, олардың ашылу деңгейі де алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 64,9 пайыздан 82,3 пайызға дейін көтерілгенін жеткізді. Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстар 274-тен 329-ға немесе 20,1 пайызға, аса ауыр санаттағы қылмыстар 6-дан 8-ге немесе 33,3 пайызға өскендігі анықталған.

Осы аталған жәйттердің аса ауыр қылмыс түрлерінің ашылу деңгейін салыстыратын болсақ, 100 пайызға, қасақана кісі өлтіру қылмыстарының ашылуы салыстырмалы түрде 100 пайызға, әйел зорлау қылмысы 100 пайызға, қасақана ауыр дене жарақатын салу 100 пайызға, бұзақылық қылмыстардың ашылуы 100 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау 47,9 пайыздан 63,3 пайызға, оның ішінде пәтер ұрлығы 43,3 пайыздан 72,2 пайызға, алаяқтық қылмыстарының ашылуы 93,4 пайыздан 97,1 пайызға дейін жоғарылағанын атап өтті.

Ал, тонау қылмысының ашылу деңгейі 100 пайыздан 88,9 пайызға, қарақшылық қылмыстарының ашылуы 100 пайызден 50 пайызға, есірткіге қатысты қылмыстар 100 пайыздан 44,4 пайызға төмен деңгейінде қалып отыр. Аталған қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі мезгілде кезекшілік ұйымдастырылып, аптасына кемінде екі рет рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, қылмысты ашу бағытында құрылған топтарға нақты тапсырмалар беріліп, атқарылып жатқан іс-шаралары басқарма басшылығымен қатаң бақылауға алынған.

Жергілікті полиция қызметінің күнделікті жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде көпшілік орнында жасалған қылмыстар 2020 жылмен салыстырғанда 367-ден 339-ға немесе 7,6 пайызға, оның ішінде көшелерде жасалғандары 202-ден 172-ге немесе 14,9 пайызға, жасөспірімдер және олардың қатысуымен орын алған қылмыстар 23-тен 17-ге немесе 26,1 пайызға, бұрын қылмыс жасағандардың қайта қылмыс жасаулары 113-тен 105-ке, адамдардың мас күйінде жасаған қылмыстары 59-дан 47-ге төмендеген. Ал, адамдардың топтасып қылмыс жасаулары 72-ден 76-ға немесе 5,6 пайызға, отбасылық тұрғыда жасалған қылмыстар 4-тен 14-ке немесе 250 пайызға, қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар 5-тен 12-ге немесе 140 пайызға оның ішінде отты қарумен жасалған қылмыстар 2-ден 6-ға немесе 200 пайызға өскен.

Басқарма басшысы тарапынан аталған қылмыстық көрсеткіштерге талдау жасалынып, күндізгі және түнгі топтарға қызметкерлер бөлініп, криминогенді аумақтар күшейтілген. Аптаның бейсенбі, жұма, сенбі, күндері Түркістан қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік аймақтарында көше және қоғамдық қылмыстармен, оның ішінде адамдардың топтасып қылмыс жасаулары, отбасылық тұрғыда жасалатын қылмыстар, қару қолдану, сондай-ақ, отты қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылықтарды болдырмау, болған қылмыстарды дер кезінде ізін суытпай ашу бағытында «бір-нүктелік» жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Әкімшілік полиция бөлімі қызметтерінің жұмысына тоқталсақ, есептегі жылы барлығы 102360 әкімшілік құқық бұзушылық жайлары анықталып, оның 89452 бойынша кінәлі азаматтарға әкімшілік жаза ретінде 751184338 теңге айыппұл салынып, оның 526626457 теңге 70,1 пайызы өндірілген.

Көші-қон қызметі бойынша 2021 жылдың 12 айында 11256 шетел азаматы уақытша тіркелген болса, 2020 жылы қала көлемінде 7725 шетел азаматы уақытша тіркеуге қойылған. Осы азаматтардың 8438 жұмысқа рұқсат беріліп, олардың есебінен бюджетке жеке табыс салығы ретінде 77775603 теңге өндірілген. Ал, 2020 жылдың 12 айында 6100 шетел азаматына еңбек етуге рұқсат беріліп, олардың есебінен бюджетке 51954452 теңге жеке табыс салығы ретінде өндірілгені белгілі болды. Әкімшілік жауапкершілікке жалпы 370 азамат тартылып, оның 230-на ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес, әкімшілік шаралар қолданылып, 4675274 теңге айыппұл салынып, оның 3148239 теңгесі өндірілген.

Полиция басқарма басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасынан соң, жиналысқа қатысушылар тарапынан және онлайн қатысып отырған азаматтардан көптеген көкейлеріндегі сұрақтар қойылып, оларға Бауыржан Сапарұлы нақты жауаптарын берді.

Leave a reply