Түркістандық ұстаздарға құрмет

0
58

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда өзіндік үлесін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың бірі Түркістан қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Ханділлә Ділдәбекқызы. Жанат ұстазымыз 1971 жылдың 27 қазанында Түркістан қаласында дүниеге келген.  №9 Н.А.Некрасов атындағы орта мектепті аяқтағансоң, 1989-1994 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған.

Өзінің еңбек  жолын 1994  жылдың тамыз айында Түркістан қаласы,  Абай атындағы орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеп, аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін де атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жоғары білікті маман Жанат Ділдәбекқызы жеткен жетістіктері мемлекет тарапынан бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болған білікті ұстаз. 2016-2022 жылдар аралығында облыстық «Білім үздігі», «Білім шыңы», «Кәсіподаққа қызметі сіңген қызметкер» деп аталатын төс белгілерге ие болған. 2018-2020 жылдарда республикалық «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрмет грамоталары, облыстық «Үздік мұғалімдер»кітабына ену, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп өткізген І Республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі дипломдарын алған.

Жанат Ділдәбекқызы — инновациялық басқаруды меңгерген, ынтымақтасқан ортада бірлескен жұмысты істей алатын іскер басшы. Жұмыс барысында бойынан қайсарлық пен сезімталдық, өжеттілік пен кеңпейілдік айқын көрініп тұрады. Ұжымда, оқушылар арасында өзінің парасаттылығымен, білімділігімен беделге ие. Ұлағатты ұстаздық жолында әрбір шәкірттерінің жүрегіне жол табұға әріптестерін жетелей білетін көшбасшы ұстаз. Сонымен қатар, Жанат ұстаздың жолын қуған оқушылары бірнеше халықаралық, облыстық жарыстардың иегерлері, білім грантының иегерлері атанған. 2020 жылы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хаты, қалалық семинарларда Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мақтау қағаздары, Түркістан облысының адами әлуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасы, Қазақсан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында білімді қамтамасыз ету Комитетінің алғыс хаттарымен мараматталған. Жанат Ділдәбекқызы ұстаздық жолында оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырып, оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейтуді басты мақсат тұтқан. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне әрдайым көмектесуге дайын.

Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты – өз ісін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеуі. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті болып табылады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған