Түркістан – болашағы зор, заманауи, жаңа қала

0
109

Еліміздегі атымен де, затымен де елеулі Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының орталығына айналып, заманауи даму жолына түскен кент ретінде өзге елдердің де назарына ілініп отыр. Демек, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарының бірі де – жаңа Түркістан.

ХАЛЫҚТЫҢ ӨСУІ
Еліміздің оңтүстігінде жазық да­лаға орналасқан Түркістан қа­ласы қолайлы географиялық ай­ма­ғында бол­ғандықтын мұнда халық ежел­ден отырықшы тұрмыс сал­тын ұс­танады. Ал облыс орталығы мәр­те­­бесін алған­нан бері бұл қалада тұр­ғын үйлер көп­теп салынып, кө­шіп келу­шілердің саны жылдан-жыл­ға ар­тып келеді. Са­лыстыру үшін айт­сақ, 2018 жы­лы Түркістан облысы хал­­қының саны 1 983 969 адам бол­са, 4 жылдың ішінде ол 285 216 адам­ға кө­бейіп, жалпы 2 269 185 адамға жет­кен, оның ішінде Түркістан қа­ла­с­ында қазір 221 102 адам тұрады. Ал­­дағы уақытта бұдан да көбейе тү­се­тіні анық.
Халықтың саны өскен сайын тұр­­ғындар тара­пы­нан көп­те­ген мә­селелер мен сұрақтар туын­дай­ды, яғни өсім бар жерде, өзекті мә­селе­лер де болып жатады. Сон­дық­тан атал­ған мәселелерді дер кезінде ше­шу облыс басшысының басты мін­деті болмақ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
Кейінгі жылдарға қарасақ, қа­­ла­ның жан-жақты дамуында бір­қатар нәтижелердің оң үрдісі бай­­қалады.
Атап айтқанда, биылға келіп Түр­кі­стан қаласында 12 088 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 268,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, бюд­жет­ке төленген салық көлемі 8,1 млрд теңгеге жеткен.
Облыстағы Turkistan арнайы эко­номикалық және индуст­риал­ды аймақтарында жалпы құны 553,6 миллиард теңге болатын 80 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру жос­пар­ланған.
2025 жылға дейін маңызды жо­ба­ларды іске асыру нәтижесінде өңір эко­номикасына 2 триллион теңгеден ас­там инвестиция бағытталатын бо­ла­ды.
ҚҰРЫЛЫС
Құрылыс жұмыстарының көлемі 322,9 млрд теңгеге жетіп, 2020 жыл­мен салыстырғанда 4,1 пайызға арт­қан. Енді 2025 жылға дейін құрылыс жұ­мыстарының көлемін 439,3 млрд тең­геге жеткізу көзделуде.
Жалпы, соңғы үш жылда Түр­кі­стан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған.
Халықты баспанамен қам­та­ма­сыз ету ең басты қажетті­лік­­тің бірі десек, Түркістан қала­сын­да 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр (15 411 пәтер, 1 001,1 мың шар­шы метр). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пай­да­лану­ға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың шаршы метр).
Бүгінде жаңа қаланы ауызсумен қам­тамасыз ету де жақсы жол­ға қойылып келеді. Нақтырақ айт­сақ, Түркістан қаласында ауызсу құ­бырларын қайта жаңғырту мақ­са­тында бірнеше нысанның құрылыс жұ­мыстары (7-шағынаудан, Хлоп­за­вод, Ремзавод, бірінші және екінші Яс­сы-Шавғар, Теміржол) қатар жүр­гізіліп жатыр. Нәтижесінде, қосымша 7 500 жеке тұрғын сапалы ауызсу құ­бырымен қамтылатын болады.
Кәріз жүйесімен 30,5 пайызға қам­­тылған. Оның аумағын қам­тамасыз ету мақсатында осы жы­лы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп жа­тыр. 2 нысан құрылысы жыл соңы­на дейін аяқталады.

ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ
Электрмен қамту мақсатында 2021жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуа­ты­мен қамтылса, 2022 жылы қосым­ша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Түркістан қаласы аумағы 98,5 пайыз электр қуатымен қам­та­ма­сыз етілген, оның 84 пайызы са­палы электр қуатымен.
Биыл 3 нысанның құрылысын аяқ­тап, қамту көрсеткішін 99 пайыз­ға жеткізу көзделіп отыр.
Қаладағы көшелерді жарық­тан­дыру мақсатында 2021 жылы 147,8 ша­қырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. 2022 жылы 395,1 шақырым құрайтын 318 кө­ше­де жарықтандыру жүйесін жүргізу жос­парланып отыр.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Түркістан қаласында 845 ша­қы­рым­­дық 875 көше бар. Олардың 37,4 пайы­зы – асфальт, 47,5 пайызы – тас­жол және 15,1 пайызы – топырақ жол­дар.
2021 жылы 15,1 шақырым 11 кө­ше орташа жөндеуден өтті. Топырақ жол­дардың санын азайтып, тасжол­дар­дың саны мен сапасын арттыру мақ­сатында 2021 жылы 158 шақы­рым қашықтықты құрайтын 185 кө­шеге тас төселді.
Осы жылы қалған 127,3 ша­қы­рым топырақ көшелерге ша­ғал тас төселіп, 46,4 шақырым құ­рай­тын 40 көшеге орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, асфальт жа­бы­ны төселмек. Бұдан бөлек, жалпы ұзын­дығы 29,6 шақырымға жететін 26 көшеге аяқжол (тротуар) салу жос­парланған.
Халыққа қолайлы болу үшін 2021 жылы 40 жаңа автобус са­тып алынған. Автобустар дизель оты­нымен жүреді, салқындатқышы бар, мүгедек жандарға қолайлы..
Жалпы, қалада 24 қоғамдық кө­лік бағыты бар. Қоғам­дық көліктің 18 пайызы жаңартыл­ған. Биыл тағы 50 жаңа автобус са­тып алу жоспарланған.
Халыққа ыңғайлы әрі та­сы­мал­даушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктерге Tolem жүйе­сі енгізілген.

ӘЛЕУМЕТТІК
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Түркістан қаласында өткен жыл­дың 13 желтоқсанында «Мүм­кіндігі шектеулі және зейнет жа­сындағы азаматтарға әлеуметтік сүйе­мелдеу қызметтерді көрсететін ор­талығы» құрылды. Онда: үйде әлеу­меттік қызмет көрсету, әлеуметтік пси­хологиялық сүйемелдеу, белсенді ұзақ өмір сүру және TEN QOGAM сек­торлары қызмет көрсеті.
Бұдан бөлек, Түркістан қала­сын­да 50 орындық қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнал­ған ғимараттың құрылысын салу жоспарланды.

БІЛІМ БЕРУ
Тұрғындар санының өсуіне бай­­­ланысты Түркістан қала­сын­да 2025 жылға дейін 11 мектеп са­лынады деп жоспарланып отыр, оның бәрі де бюджет есебінен.
2021 жылы 900 орындық мектеп, 720 орындық Назарбаев зияткерлік мек­тебі және оның 120 орындық жа­тақханасы салынған. Бұдан бөлек, «Ал­тын ұрпақ» бастауыш мектебі, «TURKESTAN бастауыш мектебі», «Бе­ре­ке Болашақ» мектебі, «Білім-Ғылым Ин­новация» мектебі, BILIM KEMESI мек­теп-лицейі, «NUR интеллектуалды мек­тебі» секілді 6 жекеменшік мек­теп­тер пайдалануға берілді. Мұның бә­рі халықты білім беру орта­лық­тары­мен қамтуға және оларда сапа­лы білім беру ісін жүргізуге зор пай­да­сын тигізіп отыр.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Бұл сала бойынша Түркістан қа­­­­­ла­сында 200 төсек-орын­дық модульді аурухана салынды. Мем­лекеттік-жекешелік әріптестік ая­сында 570 төсек- орынға көпса­ла­лы ауруханасының құрылыс-мон­таж­дау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жедел жәрдем қызметін нор­мативке сәйкестендіріп, жүк­темесін азайту мақсатында де­меу­шілікпен (Қазатомпром қоры­нан) 25 бригадаға арналған типтік же­дел жәрдем стансасы салынып жа­тыр.

ТУРИЗМ
Туризм саласы Түркістанде бұ­­рыннан жақсы жолға қойыл­ған. Бұл сала бойынша 2021 жы­лы инвестиция көлемі 102 млрд тең­гені құрап, республика бойынша бірін­ші орынға шықты. 2021 жылы об­лыста «Керуен Сарай» көпфунк­цио­налды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары іс­ке қосылды (Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт). Сондай-ақ, 2021 жыл­дың қорытындысы бойынша Түр­кі­стан қаласына бір күнде 1 417 372 адам келді (2020 жылы – 382 606 адам болған).
2022 жылы ішкі туристердің са­нын 261 000 адамға, шетелдік турис­тер­дің санын 7 290 адамға, Түркістан қа­ласына бір күндік келушілер са­нын 1,6 млн адамға, туризм саласы бойын­ша көрсетілетін қызметтердің кө­лемін 3,5 млрд теңгеге дейін жет­кізу жоспарланған.

ТҮРКІСТАН
ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ
Түркістан қаласының дамуы ту­ра­лы айтатын болсақ, тұ­тас­тай жаңа қала салынды деуге бо­ла­ды. Санақ нәтижесі бойынша қала хал­қы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адам­ды құрады (2018 жылы 164 746 адам болған). Төрт жылда қалаға тар­тылған инвестиция көлемі 8 есеге ар­тып, жалпы 793,2 млрд теңгені құ­рады. Оның ішінде, 50 пайызға жуы­ғы (389,4 млрд теңге) жеке ин­вес­тиция.
Қаланың негізгі әлеуметтік-инф­рақұрылымы қаланып, жаңа­дан халықаралық әуежай, әкім­шілік-іскерлік және рухани-мәдени ор­талықтары салынды. Биыл мұз ай­дыны, Теннис орталығы, ескек есу ка­налы Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, туристерге арнал­ған жа­санды көл демалыс орталығы са­лынып, пайдалануға берілмек.
Төрт жылда Түркістан қала­сын­да жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйлердің құрылысы жүргі­зілу­де. Аталған көпқабатты тұрғын үй­лердің барлығы толық аяқталса, 15 мың пәтер пайдалануға беріледі.
Бұған қоса ерекше үш мәселе­нің түбегейлі шешілген. Ал­ғаш­­қысы – табиғи газбен қамту. Бұ­ған дейін табиғи газбен қамту дең­гейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұр­ғындарын көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 2021 жы­лы табиғи және сұйылтылған газды қауіп­сіз пайдалану мақсатында әлеу­меттік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз ке­зегінде қаланың экологиялық ахуа­лын жақсартып және жасыл эко­номика бағдарламасына оң септігін ти­гізіп жатыр.
Екіншісі – қала халқын сумен қам­тамасыз ету. Бұрын Түркі­стан қаласында халық 100 пайыз та­за ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші ке­зекте халықты ауызсумен қам­та­ма­сыз ету қолға алынып, жүзеге асы­рылған екі ірі жобаның арқа­сын­да бүгінде бұл мәселе түбегейлі ше­шілген және істе 2050 жылға дейін ха­лық саны 500 000 адамға жету мү­м­кін деген болжам да ескерілген.
Түркістан қаласына 234 млн тек­ше метр ағын су жетіспей­ті­ні анық­та­лып, оны шешу үшін ға­лым­дармен кеңе­се келе Түркістан қа­ласына 248,8 млн текше метр ағын су жет­кізу­дің жо­лы табылған. Бұл үшін «Түр­кістан ма­гистралды кана­лын күр­делі жөн­деу» жобасы ар­қылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала ау­ма­ғындағы 8 шақырым канал бойы абат­тан­дыры­лады (құны – 16,5 млрд тг).
Бұрын ағын су 43 пайыз фильт­ра­циялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 ша­қы­рым каналды бетондау жұмыс­тары жүргізілген.
2021 жылдың желтоқсан айында «Кең­сай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн текше метр ағын су жеткізіледі.
«Арыс-Түркістан магистралдық ар­насын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» ар­қылы 52,8 млн текше метр ағын су жет­­кізілетін болады (құны 30,2
млрд тг).
Жаңадан «Сарқырама» су қой­ма­­­сын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 млрд тг).
Сондай-ақ Кентау қаласында «Қос­­қорған» су қоймасын то­лық­тыра отырып, су төмендету жүйе­сін салу жо­басы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд тг).
Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптас­тыры­лып, құны 26,9 млрд теңге бо­ла­тын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қа­ла аумағында 225 гектарда 30 сая­бақ, 13,6 гектарда 15 сквер мен аллея­лар, 129,4 гектарда 9 алаң бар.
Түркістан қаласын абаттан­дыру мақсатында Майкөтов кө­шесіндегі «Желілік саябақ», «Төле би саябағы», «Шатқал саябағы», «Оты­рар» мөлтек ауданындағы көп­қа­бат­ты тұрғын үйлер аумағын көгал­дан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 1 шағынаудандағы көп­қабатты тұрғын үйлердің аула­сын (36,3 га құрайтын 3 аулаға) абат­тан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде Түркістан қаласын да­мы­тудың екінші кезеңінің жұ­мыстары басталып кетті. Кешенді жос­парға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция кө­лемі 1,3 трлн теңге, оның 1 трлн тең­ге­сі немесе 77 пайызы жеке ин­вес­тициялар.
Қаланы дамытудың екінші кезеңі бір­неше аумақта іске асырылады, ау­мақта әуежай аумағына ауыл шаруа­шылығы және басқа да серпінді жо­балар іске асырылатын болады.
Бірінші аумақта әкімшілік-іс­керлік орталығы аумағында за­манауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғи­мараттар, демалыс орындары са­лы­натын болады.
Екінші аумақта Б.Саттарханов даң­ғылы бойынша спорт ке­ше­ні, Яссы желілік саябақтары са­лын­бақ.
Үшінші аумақта мәдени-ру­хани орталықта Әзірет Сұл­тан мұражай аумағы абаттандыры­лып, Қылует мешіті, аз қабатты тұр­ғын үйлер құрылысы іске асырылмақ.
Аталған іс-шараларды іске асыру нә­тижесінде 2025 жылы облысы­мыз­дың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50 пайызға өсіп, 40 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Мұның бәрі Қазақстанның шы­­найы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында облыс бас­шылығы алдына қойылып отыр­ған тапсырмалар мен міндеттер бо­лып саналады.
Қайсы қоғам, қай мемлекет болса да, дамудың жоғары сатысына тек жүйе­лі жүргізілген жұмыстар арқа­сын­да жететіні белгілі. Демек, Түр­кістан қаласының жаңа қарқынмен да­муына облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев басшылығымен бұл жолда жа­салып, жүзеге асып жатқан игі іс­тер сөз жоқ, өзінің оңды нәтижесін бере­рі сөзсіз.
Түркістан – жай қала емес, алыс-жақынға даңқы кеткен ежел­гі тарихи қаланың бірі. Ал қа­зіргі жағдайда ол уақытпен бірге қар­қынды қарыштап, тез дамып келе жат­қан заманауи қала. Демек, оның да­муы, белгілі бір дәрежеде еліміз да­муының көрсеткіші деуге болады. Ен­ді алдағы ширек ғасырда Түркістан шаһары жарты миллион адам тұра­тын еліміздегі белгілі қалалардың бірі­не айналмақ. Сондықтан қаланы бар­лық жағынан дамытуға деген жол бүгіннен басталып жатқаны көңіл қуан­тады.

Leave a reply