Түркістан жастары жұмыспен қамтылды

0
49

Түркістанда биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 7 086 адам жұмыспен қамтылады. Жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тартылады. Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы апталық аппарат отырысында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, үш бағыттағы жұмыспен қамту шаралары аясында 47 мыңнан астам адам немесе 54 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Leave a reply