Түркістан көшелері орташа жөндеуден өтеді

0
51

Республикада бастау алған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының басты мақсаты  азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру. Яғни тұрғын үй және коммуналдық мәселелер мен жол проблемаларын шешу болып табылады. Осы ретте Түркістан қаласында жоба аясында атқарылып жатқан шаруа көп. Соның біразын жақында  қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пысықтаған болатын. Нақтырақ айтқанда қала басшысы облыс орталығындағы құрылыс нысандары мен ағын су мәселесін шешу мақсатында жасыл желек аймақтарын аралады. Бұған дейін  І.Қожабаев көшесінде 5,6 шақырымға жол негізі әзірленіп, суағар орнату жұмыстары басталған болатын. Жұмыс барысын бақылаған қала басшысы тиісті бөлім басшысы мен мердігерге бірқатар ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді. Жалпы мамандардың айтуынша биыл Түркістан қаласында  46,4 шақырымды құрайтын 40 көше орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің басым бөлігі — коммуникациялық жүйелері (ауыз су, сарқынды су, газ) толығымен аяқталған, сондай-ақ, қоғамдық көліктер жүретін көшелер.  Сонымен қатар, шаһар басшысы  1-мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша атқарылған тірліктерді тиянақтады. Сонымен биыл Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Әбенова, Төле би, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелерінде; және Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелерінде; сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесі және 1 және 2 мөлтек аудандарында кабельдік желіге ауыстыру  құрылыстары қарқынды жүруде.  Сондай-ақ, жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша 1 жоба басталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде электр қуатымен қамту көрсеткішін 98,5 пайыздан 99 пайызға жеткізу көзделген.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған