Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: ҮШ АУДАНДА БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
25

Биыл Ордабасы ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдымен Бадам ауылындағы Ә.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берілген. 640 орындық мектепте 849 оқушы білім алады. Мұнда спорт залы, акт залдарының жоғарғы қабырғасын жөндеу, ішкі еден ауыстыру, ленолиум ауыстыру, ішкі қабырғаларын қырып сылау және есік-терезелерін ауыстыру жоспарланған. Содан соң Мәдениет ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебіне соқты. 300 орындық білім ұясы 2009 жылы пайдалануға берілген.

инф 219 мың


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды.Жұмыс барысында Берген ауылы, К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аталған нысандары аралау барысында жұмыстың сапасын ерекше бақылауда ұстауды жауаптыларға ескерткен облыс әкімінің орынбасары балалар қауіпсіздігі, сыртқы және ішкі әжетханалардың және жылу жүйелері мен қазандықтардың жағдайына қатысты мектеп директорларына біршама тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дейін реттеу керектігін атап өтті.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Абайыл елді мекеніндегі медициналық тіректің құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады. Мердігермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды. 420 орындық ғимарат 2007 жылы пайдалануға берілген. 402 оқушы білім алады. Жоспар бойынша сырты қапталып, ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ленолиум, ағаш еден және кафель еден ауыстырылады. Бұдан бөлек Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы және Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Білім ошағының сырты қапталып, терезе-есіктері ауыстырылады. Ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру, ленолиум төсеу сынды жұмыстар да жоспарда бар. Ал Жеңіс ауылы, Ө.Тұрманжанов атындағы және Бөген ауылы, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектептерінің сыртқы қабырғасын металосайдингпен қаптау жоспарланған.

Leave a reply