
Министр Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде салынып жатқан 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының даму бағытымен танысты. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan
Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылуда. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады.