Түркістан облысында малазықтық дақылдың 2 жылдық қоры жасақталды

0
58

Елімізде ауылшаруашылық өндірісінің маңызды салаларының бірі — мал шаруашылығы. Себебі, бұл  ата-бабамыздың басты дәстүрлі кәсібі болып саналады. Ал, бұл саланы дамытудың тиімді әдісі мал азығын уақытылы қамдау. Себебі, мал азығы жеткілікті болса, мал шаруашылығы саласы да дами түспек. Осы орайда, қыстың қамын жазда ойла деген  сөзді көкейінде сақтаған Түркістан жұртшылығы ертерек іске кірісті.  

Осы орайда, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы әкімі аппаратының отырысында малазықтық дақылдың 2 жылдық қорын жасақтау маңызды екенін жеткізіп, аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшысына тапсырмалар берді.  

– «Былтырғыдай күрделі жағдай қайталанбауы тиіс. Қазір нағыз жұмыстың қызған шағы. Мал азығын әзірлеуге, жинауға баса назар аударыңыздар. Биыл 2 жылға жететін қор жасақтау қажет. Ауа райының жаңбырлы әрі шөптің мол болуы қолайлы болып тұр. Жем-шөптің бағасы да былтырғыдан арзандады. Осы мәселені толық қадағалап, мониторинг жүргізіп отырыңыздар», – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Жалпы, биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 851 мың гектарға егу жоспарланып, ол жұмыс толығымен аяқталды. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде малазықтық дақылдардың көлемі 5,5 мың гектарға артып, 227,5 мың гектарға орналастырылды. Сондай-ақ дәнді дақылдар – 298,2 мың гектарға, дәндік жүгері – 44,5 мың гектарға, бидай –201,2 мың гектарға егілді.   

Ал, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биылғы егіс науқанына 12,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылған.  

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан дала жұмыстарына 1672 агроқұрылымға 5,3 млрд. теңге несие берілген. Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін облыста төмендетілген бағамен 47,9 мың тонна дизель отыны бөлініп, босатылды. Облыста 475 түрлі минералды тыңайтқыштың құнының 50%-ын субсидиялауға 6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 319 мың гектар егістік алқап тыңайтылады деп күтілуде.  

Биыл облыста ІҚМ – 0,1%-ға (1129,6 мың бас), уақ мал – 3,7%-ға (4776,9 мың бас), жылқы – 3,4% -ға (389,9 мың бас), түйе – 2,1% -ға (35,0 мың бас), құс –3,5% — ға (2297,1 мың бас) артқан. Мал басының артуына байланыты мал қыстату науқанына қажетті мал азығы 4,1 млн. тоннаны құрады. Бүгінгі күнге 0,5 млн тонна мал азығы дайындалды. Егілген егіс көлемінен 645 мың тонна мал азығы жиналады. Облыста егістік алқап басынан табиғи шөптер прессі 350-400, жоңышқа 500-700 теңге аралығында сатылуда. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ы арқылы облысқа бөлінген 34,4 мың тонна бидайдан алынатын 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен сатылуда (65 тг/кг). Қазіргі таңда 334 агроқұрылымға 540 тонна кебек босатылды. 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған