ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАКТИКАЛЫҚ-САПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТУДЕ

0
123
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 100-ден астам әскери міндетті азаматы арнайы әскери полигонда ұйымдастырылған жиынға қатысып жатыр. Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерімен өткізілетін тактикалық-саптық оқу-жаттығулар сәуірдің 11-22 аралығына жоспарланған.
Жауынгерлік даярлықтан дәстүрлі түрде өткізілетін тактикалық-саптық сабақтарға қатысушылар аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралардың шеңберінде заңнамада белгіленген тәртібімен шақырылған. Әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріледі. Жаттығу барысында штаттық киім-кешектің, байланыс құралдарының, жеке қорғаныс құралдарының, түнгі аспаптардың, нысаналардың және басқа да әскери мүліктің саны мен жай-күйі тексеріледі.
Әскери бөлімдердің басшылығы әскери бөлімдерге, базаларға, әуе айлақтары мен әскери қалашықтарға шабуыл жасау кезінде бөлімшелердің, кезекші күштер мен құралдардың ұшқышсыз ұшу аппараттарына және шартты қарсыластың диверсиялық топтарына қарсы іс-қимыл жасауға дайындығын арттыруға ерекше назар аударады.
Әскери басқару органдарында бірлескен штабтық жаттығу өткізіліп, оның барысында қауіп-қатер артқан жағдайда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Бұл шаралардың бәрі Қарулы күштер бірлестіктерінің, құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін, басқа әскерлер мен әскери құралымдармен жедел үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік берді.
Тактикалық-арнайы жаттығулар — жауынгерлердің функционалдық міндеттерін орындау әдісі. Бұл ретте, бөлімше командирлері жеке құрамды оқутымен қоса, оларды басқару бойынша да тәжірибе алады. Сонымен қоса ұрыстың кез-келген форматында байланысты орнатудың қолайлы және тиімді тәсілдерін іздестіреді.
Бүгінгі күні тактикалық-арнайы сабақтар әскерлердің тәжірибесін шыңдау құралына айналған. Себебі осы сабақтар барысында жеке құрам бар теориялық білімдерін пысықтаумен қатар, кешенді түрде байланыс орнату, түрлі ауа райында және бейтаныс мекендерде де жағдайында байланысты орнату тәсілдерін меңгеріп, біліктіліктерін арттырады.

Leave a reply